Тәртіпке бағынған – құл болмас.....

2309
Adyrna.kz Telegram

Жыл сайын газбаллонды қондырғылардың жарылысы мен тарсылының 30-ға жуық оқиғасы тіркелсе, мұның салдарынан шамамен 10 адам қаза табады және 50-ге жуық адам жарақат алады. Мысалы 2018 жылы -39 жарылыс болып, 4 адам қаза тапқан, 2019 жылы -27 жарылыстың салдары 10 адамды ажал құштырған, 41 адамға зардабын тигізген, 2020 жылдың он айында 21 жарылыс болса, 9 адам қаза тауып, 38 адам зардап шеккен.   Қаза болудың негізгі себептері тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, түтін және желдету арналарының тартпауы, газ жабдығының түтін каналымен жалғастырушы құбырларының герметикалығының нашарлауы, жапқышты жабу, ақауы бар пештер мен газ қазандығын пайдалану, үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын пайдалану болып табылады.
Күні кеше газ баллоны жарылуы салдарынан, Елордадағы дәмханалардың бірінде де өрт шығып, адам өліміне әкеліп соққаны белгілі.  Осындай қайғылы оқиға қайталанып орын алмас үшін, «Адырна» ұлттық порталы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай министрлігі ұсынған тұрмыста газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптарды          еске   салады.

Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес газ толтырылған баллондарды сақтауға арналған қоймалар жеңіл үлгідегі жабындары бар бір қабатты үй-жайларда сақталуы тиіс.
Газдарды сақтауға арналған қоймалардың қабырғалары, аралықтары, жабындары отқа төзімділіктің ІІ дәрежесінен төмен емес, жанбайтын материалдардан жасалады, терезелері мен есіктері сыртқа қарай ашылады.
Баллондарға арналған қойма үй-жайларының биіктігі еденнен төбе жабындыларының астыңғы көрінетін бөліктеріне дейін кемінде 3,25 метрге  тең      болады.
Қоймалардың едендері беткі бөлігі сырғанамайтындай тегіс, ал жанғыш газдары бар баллондарға арналған қоймалардың едендері оларға қандай да бір заттар соғылғанда ұшқынның шығуын болдырмайтын материалдардан жасалуы     тиіс.
Қоймаларда олардағы баллондарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер         мен   плакаттар   ілінеді.
Газ толтырылған баллондарға арналған қоймалардың табиғи немесе жасанды         желдеткіші болады.
Жарылыс және өрт қауіпті газдары бар баллондарға арналған қоймалар найзағайдан қорғау жүйесімен жарақталады.
Орнатылған табандықтары бар толтырылған баллондар тік қалпында сақталады.
Табандықтары жоқ баллондар көлденеңінен ағаш жиектемелерде немесе сөрелерде көлденең қалпында сақталады.
Баллондарды құлаудан сақтандыру үшін олар жабдықталған ұяларға, торшаларға қойылады немесе бөгетпен қоршалады.
Табандықтары жоқ баллондар көлденеңінен ағаш жиектемелерде немесе сөрелерде көлденең қалпында сақталады.
Ашық алаңдарда сақтағанда табандықтары бар баллондарды көлденең қатарлар арасына арқаннан, қырлы бөренелерден немесе резеңкеден жасалған төсеммен қатар-қатар қоюға жол беріледі.
Баллондарды қатар-қатар қойған кезде соңғыларының биіктігі 1,5 метрден астам         болмауы    тиіс.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңына сәйкес 2012 жылдың қаңтар айынан бастап газ және газбен жабдықтау саласында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде (тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық) газ баллондар мен газды пайдалану жабдықтарын бақылауды  жергілікті атқарушы органдар       жүзеге        асырады.
«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын микробизнес субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатты.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды газ баллондарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.

Ал біз өз тарапымыздан, қадағалау  жүргізілмейді екен деп, арқаны кеңге салуға болмайтындығын айтқымыз келеді. Мұны  орын алып жатқан қайғылы         оқиғалар         еске   салып         тұрғандай.

Ерке  Жомарт,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер