Газ баллоны – ажал құштырды

2043
Adyrna.kz Telegram

2020 жылғы 21  қараша күні күндізгі  сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы «Halalbrothers» дәмханада  газ баллон жарылғаны  салдарынан өрт шыққаны  туралы         хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына хабарлама түскен сәттен бастап 7 минут өткен соң келіп жетті. Олар келе сала жарылыс салдарынан екі қабатты коттеджге жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың ішінара қабырғалары және шатыры құлағанын анықтады. Сонымен қатар, тағы да 20 шаршы метр көлемде жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың шатыры жанған. Қирау 100 шаршы метр көлемде орын алған (құрылыстың жалпы көлемі 600 шаршы метр). Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған.
Елордалық құтқарушылар оқиға орнынан 35 газ баллонын сыртқа  шығарып, қауіпсіз жерге апарған. Үйіндінің арасынан 1998 жылы туған  азаматша құтқарылды, ол жабық бас ми зақымын алған. Өкіншке орай, оқиға   орнында дәмханада ыдыс жуушы болып қызмет атқаратын 1968 жылы туған әйел        адам қаза  тапты.
Жедел медициналық көмек бригадасы 34 адамды емханаға жеткізді. Оның ішінде 11-і дәрігерлердің қабыдауынан  кейін  үйлеріне жіберілді, 23-і ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен адамдардың барлығы дәмхана жұмысшылары.

Жарылыс салдарынан 3 автокөлікке зиян келді.
Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12.58-де сөндірілді. Ал жаплы авариялық-құтқару жұмыстары сағат 17.00-лерде аяқталды. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы Төтене жағдайлар департаментінің, Апаттар медицинасы орталығының 56 қызметкері мен 14 бірлік техникасы жұмыс     жасады.
Қала әкімдігі және Төтенше жағдайлар департаменті адамдар тоңып қалмас үшін КУНГ-көлігі        мен  арнайы       автобус      жіберді.
Оқиға орнында халыққа психологиялық көмек беру және ақпараттық қолдау үшін қауырт желі телефоны жұмыс істеді.

Оған  11      қоңырау     келіп түсті.
Жалпы орын алған  төтенше жағдайды  жоюға Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Апаттар медицинасы орталығынан, Полиция департаментінен, жедел медициналық көмек бригадасынан және жергілікті атқарушы органдардан 172 қызметкер мен 56 бірлік техника жұмылдырылды.

Әрине, қандай төтенше жағдай болса да күтпеген жерден орын алатыны белгілі, оны ешкім әдейілеп жасамайды, көп жағдайда  барлығы қас-қағым сәтте болады. Дегенмен, абайсызда жасаған бір іс-әрекеттен орны толмас қайғыға душар болатынымызды әркез естен шығармай, сақтық шараларын барынша қатаң қолдану керек-ау. Төтенше жағдайлағылар да, жоғарыда айтылған тектес оқиғалар орын алғанда өз бастарын қатерге тігіп, өзгелердің өміріне араша болып жатады.

Ерке Жомарт,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер