Қай мемлекеттер Президент күнін тойлайды?

1022

АҚШ. Америкада ақпанның үшінші дүйсенбісі демалыс күні. Бұл күні елде Президент күнін атап өтеді. Бұл мереке 1880 жылы АҚШ-тың алғашқы президенті Джордж Вашингтонның құрметіне белгіленді.

Вашингтон 22 ақпанда дүниеге келгендіктен алғаш америкалықтар мерекені осы күні атап өтіп жүрді. 70-ші жылдардың басына дейін мереке ақпанның үшінші дүйсенбісі емес, дәл осы күнге байланысты болды. Алайда, президент Никсон демалыс күнін ақпанның үшінші дүйсенбісіне ауыстыруды және бұл күні Вашингтонды ғана емес, АҚШ-тың 16-президенті Авраам Линкольнді де құрметтеуді ұсынды.

Президент күні Вашингтондағы мұражай-үйінде костюмдер шоуы өтіп, халыққа оның сүйікті асы – бал мен май қосылған жүгері торттары ұсынылады.

Ұлыбритания. Королеваның туған күнін Ұлыбритания 8 маусымда атап өтеді.  Британ монарх Елизавета ІІ сәуір айында дүниеге келген, бірақ дәстүр бойынша Ұлыбританияда бұл мереке маусымның екінші сенбісінде тойланады. Бұл әдет-ғұрыпты Эдвард VII орнатқан. Патшаның айтуынша, бұл күні ауа райы да мерекені бұза алмайды.

Елизавета II ресми түрде  тағы 15 мемлекеттің ханшайымы екенін ескеруіміз де керек. Олардың қатарында: Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, Соломон аралдары, Ямайка бар. Алайда, аталған елдердің бірқатарында өздерінің «Патшайым күні» тойланады.

Мысалы, Канадада бұл мереке Виктория патшайымға арналған, олар бұл күнді 24 мамырға жақын, дүйсенбі күні тойлайды. Австралияда ол маусымның екінші дүйсенбісінде атап өтіледі, бұл күн шаңғы маусымы басталған уақытқа сәйкес келеді. Жаңа Зеландияда Патшайым күні шаңғы маусымы басталған уақытқа сәйкес келеді және маусымның бірінші дүйсенбісінде атап өтіледі.

Исландия. Исландия президент күнін 14 мамырда атап өтеді. Мереке елдің бесінші президенті Олавур Рагнар Гримссонның туған күніне орайластырылған. Бұл күні Исландияда мемлекеттік жалаулар көтеріліп, түрлі шаралар ұйымдастырылады. Гримссон 1996 жылы билікке келді және әлі күнге дейін осы лауазымын сақтап келеді. Соңғы сайлау 2012 жылы өткен болатын.

Голландия. Сәуірдің соңында ­–  30 немесе 29-нда Голландияда ұлттық мереке Патшайым күні атап өтіледі. Бұл дата өз тағынан бас тартқан Беатрикс патшайымның анасы Юлиана ханшайымның туған күнімен байланысты. Беатрикс тәжді алған кезде, мереке күнін ауыстырудан бас тартты, өйткені оның туған күні қыста – 31 қаңтарда өтеді.

2013 жылы Беатрикс патшайым тақтан бас тартқаннан кейін мереке күнін және оның атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Сол жылдан бастап голландтар 27 сәуірде таққа отыруы керек болған Оран ханзадасы Виллем-Александрдың туған күнін атап өтеді.

Нидерландыда монарх күнінде қызғылт сары түсті киім кию әдетке айналған. Ол билеуші ​​Оран династиясының тегіне байланысты.

Елімізде 2011 жылдан бастап Тұңғыш Президент күні арнайы атап өтіледі. Бұл күн Назарбаевтың билікке келген уақытына байланысты. Ол алғаш рет 1991 жылы 10 желтоқсанда сайланды.

Бұл мереке алғаш рет 2012 жылы өтті. Республика тұрғындары үш күндік демалыс алып, үлкен спорттық нысандарды ақысыз көру мүмкіндігіне ие болды.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы