«Алтын сақа» кубогы табысталды

1126

«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен VI кезекті «Алтын сақа» математикалық онлайн олимпиадасы өз мәресіне жетті.

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығымен бірлесіп өткізілген дәстүрлі олимпиадаға бас шаһардың барлық мектептерінен 448 оқушы қатысты.

Марапаттау салтанатының ашылуына «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Қауымдастығының төрағасы, «Tugurul han – on han» корпоративтік қорының басшысы, меценат, кәсіпкер, қоғам қайраткері, осы реткі «Алтын сақа» олимпиадасының демеушісі Асылхан Игібаев, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры, «Алтын сақа» олимпиадасы жобасының авторы Ырысбек Мәуіт, «Астана дарыны» ДДжПС орталығының директорының ұйымдастру педагогикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Буралкиева Гүлбақыт Мұқашқызы арнайы қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

Жүзден жүйрік шыққан жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ, ІV орындар бойынша арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Әрбір орындар үшін орталықтың оқу курстарынан 10%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктер сертификаты берілді. Осылайша, олимпиаданың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құрады.

Олимпиаданың дәстүрі бойынша І, ІІ, ІІІ орын бойынша мектептер де марапатталып, әртүрлі көрсеткіштерімен озып шыққан №66 мектеп-лицейге «Алтын сақа» кубогы табысталды.

Марапаттау рәсімі онлайн режимде өткізіліп, Microsoft Teams платформасы, zerdeli.kz сайты, youtube каналынан тікелей эфирде таратылды.

Пікірлер
Редакция таңдауы