Білім саласына өзгерістер керек

2441
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі таңда оқушылардың үйрену үрдісіне әсер ететін факторлар өте көп, сондай-ақ олардың пайдалы жақтарымен қоса зиянды жақтары да бар, нақтырақ айтсақ заманауи дамыған құралдарды пайдаланып сабақты өткізу әлде қайда қызықты және көрнекі болатыны шындық, сонымен қатар өте қолайлы. Мысалға күрделі биологиялық ағзаны ауызша баяндап берсек ешкім түсінбейді, ал суретін көрсетсек түсініктірек болады, ал оның қалай жұмыс жасайтынып анимация арқылы көрсетсек ол тіпті де түсініктірек болатыны белгілі. Сонымен қатар материалдар іздеу кезінде интернет желісін пайдаланса, олда тиімді әрі уақыт жағынан да ұтымды болар еді.

Бірақ дәл қазір жалпы беттік ата-аналардың ортақ қиындықтары балаларын компьютерлік ойындардың соңынан кетіп қалудан арашалау болып тұр, сұндай кезде ата-аналарға оқушыға дамыған жаңа технологиялық құралдарды пайдалануға рұқсат бер деудің өзі қиындық туғызып отыр. Себебі, әлі оңы мен солын танымаған жас жеткіншек, уақытын ойындармен көп өткізуі мүмкін, ол біртіндеп құмарлыққа жалғасады, бұл әркет созыла келе оқушыны оқу, еңбектену деген әрекеттен жұрдай ете бастайды. Бұл нағыз қазіргі таңдағы шешуге тиісті бірінші мәселе болып тұр.

The New York Times (https://www.nytimes.com/2020/02/06/learning/what-students-are-saying-about-how-much-they-use-their-phones-and-whether-we-should-be-worried.html)  сайтында жарыққа шыққан What Students Are Saying About How Much They Use Their Phones, and Whether We Should Be Worried” - “Студенттер өздерініңтелефондарын қаншалықты пайдаланатынытуралы не айтады және біз алаңдауымыз керекпе” – жүргізілген сауалнамалар және оған жасалған анализдер ұсынылған. Оқушылар өздеріде  көптеген уақыттарын телефонмен өткізетіндерін білетіні жазылған, сондай-ақ осы әрекеттерінің өздері үшін пайдалы емес екендіктерінде білетіндері көрсетілген. Көп уақыттарын ойындар ойнаумен, әлеуметтік желілерде өткізеді екен, дәл сондай біздің елдің жастарының жағдайында да айырмашылық жоқ. Оларда өз уақыттарын зая кетіріп жатыр. Тек уақытты зая кетіру болса жақсы ғой, оның салдары қандай зардаптарды тудыратынын көзі ашық көкірегі ояу ата-аналар болмаса, көп санды адамдар әлі түсіне бермейді.

Телефон пайдаланудың немесе әлеуметтік желілерді көп пайдаланудың зиянды жақтарына тоқтала кетейік.

1) Алтын уақытты өлтіру.  Кейбір елдерде жүргізілген статистикалық мәліметтерге негізделсек, оқушылардың телефонда өткізетін уақыттары әр апта сайын 42 сағатқа жеткен, ол бір аптаның  шамамен 2 күнін телефонда өткізумен бірдей. Егер осы уақытты әр күнге бөлсек, онда күн сайын 6 сағат уақытты телефонда өткізу дегенді білдіреді. Таңғы сағат 7 де тұрып, түнгі 10 да ұйқыға жатқан адам үшін 15 сағат ояу жүреді десек, бір күннің 40% -ін телефонда өткізеді екен. Әрине өкінішті, оны басқа өзіне пайдалы істерге жұмсағанда, оқу өнімділігі әлде қайда жақсырақ болар еді.
2) Денсаулықты құрту. Ұзақ уақыт әртүрлі экрандардың алдында отыру көзге үлкен зиянын тигізсе, әртүрлі ойындарды ойнау, оған әбден берілу балалардың жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді екен, ал ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру қан айналысын әлсірете келе түрлі ауруларға себепші болады.
3) Өзін-өзі танымау. Неге? Себебі, ойынға әбден құмар болған оқушы, еңбектенуден қашады, біртіндеп өзінің қателіктері немесе жіберген олқылықтары көбейгенін сезгенде өтірік айта бастайды, басқаларға жала жабады, қысқасы, өзінің қалай өзгергенін білмей қалады.
4) Кибершабуылдар. Әрине, әртүрлі ойындар, әртүрлі сайттарға тіркелу үшін оқушылар өзінің пайдаланулы аты мен құпия сөздерін көптеген жерлерге тіркейді, ал бұл өз кезегінде оның цифрлық жүйесін, сондай-ақ онымен байланыстағы ата-анасының да цифрлық жүйесін оңай бұзуына мүмкіндік береді. Ал оның соңы неге әкелетінін барлық адамдар біледі деп ойламын.

Ойлау жүйесін дамытпау, қатерлі әрекеттерге бару, есте сақтау қабілетінің жоғалуы сынды басқада көптеген зиянды жақтарын тізіп отырмасақта қазіргі кезеңде көптеген ақпараттық құралдарда ол туралы үнемі айтылып келеді. енді осы қиындықтан қалай ұрпақтарды аман алып шығуға болады.

Енді өзіміздің қозғап отырған басты мәселемізге оралайық. Оқыту саласында бұрынғы қалыптасқан жүйені пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын оятып, «а» дегеннен оқушыларды артынан ертіп кетуге мүғалімдерде мүмкіндік болмай отыр, себебі оқушылар заманға бейімделген, өздеріне тән ойлау жүйесі, өздеріне тән қабылдау ерекшеліктері бар, сондай-ақ талаптары да жоқ емес, осы кезеңде оқыту тәсілдерін ауыстырып, барынша жаңа технологияларды пайдаланбасақ, видео ойындарды, фильмдерді көріп өскен ұрпақ біздің тәрбиемізді қабыл алуы мүмкін емес. Осы себептермен біз жаңа технологияны пайдалануға мүдделіміз, оны дұрыс, өнімді пайдалану үшін әрине ұстаздардың біліктілігін арттыру керек, үнемі жаңа оқыту тәсілдерін меңгерту үшін тренингтерге қатыстырып отыру керек, өзі үлгілі, өзі дамыған мұғалімнің де оқушыларға берері мол болады.

Ал жаңа технологияны пайдалануды қалай жүйелі және орынды жүргізе аламыз? Бұл туралы әлем елдерінде көптеген тәжірибелер жасалып жатыр, соның ішінде жақсы тәсілдердің бірі мектепте оқушыға телефон ұстауға жол бермеу, ал үйде ата-ана оған мүмкіндік бермеу.

Әрине оқушылар бір мәнісін тауып, телефонды істетудің жолып табуға тырысады, мысалы тапсырманы интернеттен іздеймін, үй жұмысын сыныптың тобынан сұраймын деген сияқты. Немесе басқада дерек көздерін тауып оны өз қажеттілігіне жарататыны туралы айтуы әбден мүмкін.

Сол үшін үй жұмысын бермейтін оқыту жүйесінің тиімділігі артықтау болады деген ойдамын. Біріақ олар керісінше мектепте көп уақыттарын өткізеді, сол жерде тапсырманы да орындайды, шектелген интернет желісі бар компьютерлерді де қолданады, ойын жоқ болғандықтан компьютер алдында да ұзақ отырмайды, бос отырғаннан гөрі тапсырмасын орындауды жөн көреді немесе біртіндеп қалыптасады. Сонымен қатар спорт залдарында әртүрлі ойындармен айналысуына болады әрине кураторларының қадағалауымен. Бұл оқушының уақытты тиімді әрі пайдалы жаққа пайдалануы деп айтсақ артық кетпеген болар едік.

Бірақ, қиындықтар жоқ емес, біздің елде қазір көптеген мектептер екі ауысымда оқиды, оқушылардың мектепте ұзақ уақыттар өткізуіне мүмкіндік жоқ. Осыны шешуіміз керек, ұрпақ болашағымыз екені рас, олардың саналы, сау денелі болып өсуі үшін мектептердің санын көбейтіп, жоғарыда ұсынған оқу жүйесін жүзеге асыру өте маңызды деп ойлаймын.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің профессоры Данат Жанатайұлы және физика-техникалық факультеттің физика мамандығының 1-курс магистранты Ержан Бауыржан

Пікірлер