Олимпиада: жүлде қоры — 1 миллион теңге

2903
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana hub кешенінде «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен VI кезекті «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы өтіп жатыр.
Дәстүрлі олимпиада «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психлогиялық сүйемелдеу орталығымен бірлесіп өткізілуде.
Осы жылы карантинге байланысты олимпиада онлайн режімде ұйымдастырылды.
Олимпиаданың ашылуына «Астана дарыны» ДДжПС орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуіт арнайы қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.
«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының маңызы туралы Ғаждембек Тұрсынов былай деді:
– Бұл олимпиаданың мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық мектеп оқушылары ішінен математика пәніне бейімді балаларды анықтап, ол балалармен ары қарай кешенді жұмыс жасау. Жеңімпаздарды жыл бойы оқу жаттықтыру жиындарына шақырып отыру. Қаладағы ең үздік математик мұғалімдерінің мастер кластарына қатыстыру, сабақ алуын ұйымдастыру арқылы олардың деңгейін жетілдіру».
Ал, онлайн режимде өтіп жатқан олимпиаданың техникалық мүмкіндігі мен ұйымдастыру жұмыстары туралы Ырысбек Мәуіт былай баяндады:
– Бұл олимпиаданың техникалық мүмкіндігі өзгеше деуге болады. Шетелдік ең озық инновациялық технологиямен жабдықталған студиядамызда өтіп отыр. Тікелей трансляцияның сапасы, байланыс мүмкіндігі, ғаламторлық жылдамдығы да жоғары деңгейде. Олимпиаданың академиалық тазалығына баса мән беріліп отыр. Әрбір сұраққа берілген уақыт – 3 минут. Сұрақтардағы 6 жауаптың 1, 2, 3 жауабы дұрыс болуы мүмкін. Уақытынан кешіккен жауаптар қабылданбайды. Ал, іріктеліп алынған үздіктердің өзі арнайы комиссия алдында өз жауаптарын дәлелдеп, сыннан өтеді. Бұл критерийлер қатысушылардың көшіру, басқалардың көмегіне жүгіну ықтималдығын барынша төмендетеді.
Техинкалық процес пен жауаптарды қадағалау үшін, 2 бірдей орталығымызда 30-дан астам білікті менеджер мамандар жұмылдырылды».
«Алтын сақа» басқа олимпиадалардан өзгеше. Олимпиадаға қатысу – тегін. Және жеңімпаз атану оңай емес! Өз білімің мен біліктілігіңді дәлелдейсің. Сонымен қатар, сайыстың тағы бір өзгешелігі – жеңімпаздар қаржылай марапатталады.
Жүзден жүйрік шыққан жүлдегерлер үшін демеушілер көмегімен жалпы қоры 1 миллион теңгені құрайтын қаржылай сыйлық қарастырылған.
«Алтын сақа» олмипиадасы жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл реткі олимпиада 6-рет өтізіліп отыр.

Пікірлер