«Зерделіде» ҰБТ жайлы тікелей эфир өтті

997

«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының студиясында орталықтың «Отандастар» қорымен бірлескен жобасы аясында шетелдегі қандастарға арналған кезекті эфир өтті.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, «Зерделінің» студиясында шетелдегі қазақ бауырларымызға арналған «Онлайн класс» жобасы өткізіліп келеді.

Кезекті тікелей эфирге Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов, «Отандастар» қорының Білім бағыты бойынша жауапты қызметкері Нұрымжан Жұмағазиев және «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуіт қатысып, қандастарға Қазақстанда білім алу мүмкіндіктері жайлы ақпарат берді.

Эфир барысында Дидар Смағұлов қандастарға ҰБТ-ның соңғы жаңалықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Өз кезегінде Нұрымжан Жұмағазиев қандастардың Қазақстанда білім алуға қажетті талаптар жайлы баяндап, тиісті мүмкіндіктермен таныстырды. Ал, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуіт орталықтың шетелдегі қандастардың ҰБТ дайындалуына тиісті қолдау көрсететінін жеткізді.

Тікелей эфир «Отандастар» қорының ютуб каналы арқылы Astana hub кешенінінде орналасқан заманауи студияда өткізілді.

Эфир соңында үш тарап шетелдегі қазақ жастарының елде білім алуы турасында ойларымен бөлісіп, өзара пікір алмастырды.

Пікірлер
Редакция таңдауы