Қазақстан Ислам мемлекеті бола ма?

4358
Adyrna.kz Telegram

БҚО-да 15 жасар қыз шариғат заңы бойынша, дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын азаматпен заңсыз некеге тұрды. Соңғы жылдары қазақстандықтар жаңа әлеуметтік сынақтармен, діндарлықтың өсуімен байланысты бұрын белгісіз келеңсіз құбылыстармен бетпе-бет келіп жатыр. Жалпы Қазақстандағы діни ахуал туралы қоғамда үстірт түсінік қалыптасқан. Өйткені дін қазақстандықтардың ақыл-ойын ғана емес, зайырлы мемлекет өмірінің әртүрлі салаларына да әсер етіп отыр. Егер жағдай дәл осындай қарқынмен дами берсе, онда көп ұзамай зайырлы мемлекеттің заңдары іске аспай қалмай ма?

Шариғат жолымен 15 жасар қызбен некелесу

 Әлем Илон Масктың жаңа жобалары, генетиктердің зерттеулері, ғалымдардың ашқан жаңалықтары, қуатты лазерлердің болашағы және басқа да серпінді жобалар бүкіл әлемде талқылануда. Ал Қазақстанда «салафиттердің» теледидарды жаулап алуын, жаңа мешіттің ашылуын, «ежелгі әдет» бойынша қыздарды ұрлауды, хиджаб мәселесін және т.б. талқылауда. Себебі саяси идеология мен ғылымға сенетіндер аз, сондықтан ғылыми мәселелердің орнына діни істерді адамдарға талқылауға тура келеді.

Біз 28 жыл бойы құры әуреленіп келдік, енді тағы да – әурелену. Мұндай үрдіс 90-шы жылдары, Егова Куәгерлері кездесулерін мектеп мәжіліс залында өткізгенде түсінікті болды (!). Бұл тақырып 12 жыл бұрын да өзекті болды. Дін туралы жаңа заң қабылдағысы да келді, бірақ құқық қорғаушылар, «демократтар» және т.с.с оны қабылдауға қарсы болды. Бұл қарсылық 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитіне дейін болып, заң қабылданған жоқ.

Есімде, белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтис: «Терроризм жоқ болса, бізге заң не үшін қажет? - деген болатын. 2008 жылдың аяғында, 2009 жылдың басында мен газеттерде дін туралы жаңа заң қабылдау қажеттігі туралы бірқатар мақалалар жаздым - 1992 жылғы заң дәстүрлі ислам мен мәдениетті қолдайтын тым либералды еді. Нәтижесінде заң «террористік шабуылдардан» кейін ғана кеш қабылданды.

Біздің кезімізде кейбір имамдар оқу орындарындағы хиджабты қолдайтын петиция дайындап, қол жинауды ұсынды. Ислам ережелеріне сәйкес, оранудың бүлдіршін қыздар емес, балиғат жасына жеткен қыздарға қатысты екендігі туралы ҚМДБ өкілдерінің түсіндірмелері ешкімді қызықтырмады.

Міне, соңғы жаңалық та осы тақырыпқа байланысты. Батыс Қазақстан облысында 15 жасар қыз 29 жастағы жігітке тұрмысқа шықты. Полицейлер 16 қыргүйекте қыздың Бөрлі ауданында жоғалып кеткенін айтты. Кейін оны Оралдан тапты. Онда ол шариғат заңымен, дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын азаматпен заңсыз некеге отырған.

Неке мешіт қызметкерлері, имамдар және кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің қатысуынсыз жасалған. Сонымен қатар «күйеу» жалған некемен 2005 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскен. Кәмелетке толмаған қыз паранжа киіп, туыстарымен байланысты үзбек болған.

Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер» (бес жылға дейінгі бостандықты шектеу түріндегі жаза немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондар жастар зайырлы мемлекеттің заңдарын білмей ме немесе оған бағынғысы келмей ме?!

Алайда, кейінірек белгілі болғандай, тергеу кезінде 15 жасар қыздың анасы сот-медициналық сараптамалардан және басқа биологиялық сараптамалардан үзілді-кесілді бас тартқан және ер адамға қатысты ешқандай шағымданбаған. Ер адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Қазіргі уақытта қыз Жамбыл облысына үйіне кеткен.

Енді шариғат заңдарының жақтаушысының (және басқа да жақтастарының) болашағы зайырлы мемлекет сотының шешіміне байланысты. Ер адамға қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылуы әбден мүмкін. Соңғы кездері мұндай жағдайлар жиілеп кетті. Сонымен қатар біздің заңдар сексуалды салада тым либерал – ­ елді педофилия мәселесі ушығып тұр.

Қазіргі кезде дін гендерлік және отбасылық қатынастарға әсер етіп келеді. Біздің имамдар ерлерге әйелдерін қамшымен сабап тұруға, кішкентай қыздарды орамалмен тұмшалап қоюға, «неке кию» рәсімін ресми неке тіркеуінсіз-ақ орындауға рұқсат берді.

Ислам діні әйелді күйеуіне бағынбаған кезінде ұруға рұқсат етеді. Көптеген мұсылман елдерінде әйелдерге қатысты тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдар жоқ. Қазақстан да осыған бет бұра ма?

Ислам заңымен ажырасулар да жиілеп кетті. Күйеуі әйеліне тек «талақ» («ажырасу») сөзін айтса, ажырасқан есепті. Ал тастанды отбасы алиментсіз қалады, өйткені ресми неке тіркелмеген. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар бойынша, имамдардың өздері де мұндай әрекеттерге барып жүр. Кейбір шенеуніктеріміз де олардан қалыспаудаәц. Білім, ғылым, мәдениет және әдебиет деңгейінің айтарлықтай төмендеуі туралы айтпай-ақ қояйық. Мемлекет бей-жай қарамаса, мұндай тенденциялар күшейе береді.

Бұқаралық ақпарат құралдары «қасиетті неке» («бауырласу») элементтері қарқын ала бастағанын жазды: қыздар радикалды ислам ағымдарының өкілдеріне тұрмысқа шығып, содан кейін күйеуі «талағын» айтып, ажырасып, достарына бере салады. Осыдан кейін қыз қайта тұрмысқа шығып, схема тағы қайталанады. Нәтижесінде, қыз әкесінің кім екенін білмей, дүниеге бала әкеледі.

Мұсылман қоғамында әйелді ер адаммен тең емес. Мұсылмандық дәстүр бойынша, әйел күйеуіне толықтай бағынады. Әйелдің негізгі рөлі отбасында, ұрпақ өрбітуде және бала күтімі, ал ер адамның рөлі отбасын қаржылай қолдау болып табылады. Егер әйелдің білім, жұмыс және т.б. өзінің қалауын білдірсе,  қамқоршысының келісімімен ғана ала алады.

Сәйкесінше отбасындағы және қоғамдағы әйелдердің орны өзгеруде. Ұзын матаға оранған әйел жоғары білім алмауы, ер адамдармен жұмыс істемеуі, қоғамдық жұмыстармен, саясатпен, өнермен және т.б. айналыспауы керек. Мұндай идеологияның  нәтижесі ­–  отбасымен немесе жалғыз-ақ қазақ әйелдері Сирияға шариғат және халифат заңдарымен өмір сүру үшін кетіп жатыр.

Діни мәселелерге қатысты БАҚ арасындағы байқау

 Зайырлы мемлекетте рухани құндылықтардың тұтқасы діни қызметкерлерге ғана берілгені таңқаларлық, дін мәдениет пен идеологияны ауыстыра жаздады, ал мәдениет үйлері, кітапханалар, мұражайлар жабылып немесе қаңырап қалды. Ал олардың орнына көптеген мешіттер, шіркеулер мен храмдар ашылды.

Сондай-ақ бізде бұл тақырып бойынша ғылыми зерттеулер, әсіресе аналитикалық сипаттағы, сонымен қатар елдегі болашақ діни картинаның ғылыми негізделген болжамдары аз. Зайырлы мемлекетте діндарлықтың өсуі, оның білім, ғылым, мәдениет деңгейіне, гендерлік теңдікке және т.б. әсері зерттелуі керек.

Бұл өте өзекті тақырып және ол діни терроризм мен экстремизмнің алдын-алу жөніндегі жұмысты ғана қамтымауы керек. Діннің қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларына әсері туралы зерттеулер қажет. Бұнда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады.

2017 жылдан бастап Алматы қаласының әкімдігі бұқаралық ақпарат құралдары арасында дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша жарыстар өткізе бастады. Бұл дер кезінде бастағлған және қажетті жұмыс. Ал бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізілетін ағарту жұмыстары діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мен күресуде маңызды және тиімді көмек болып табылады.

Биылғы жылы «Қоғамдық даму орталығы» қоғамдық қоры (атқарушы директоры Біржан Қазтұрғанов, қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер Бейбіт Тұрабаев) журналистер мен БАҚ арасында діни мәселелер бойынша 2020 жылдың 21 сәуірі мен 21 қазаны аралығында байқау өткізді. Конкурс Алматы қаласы Қоғамдық даму департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өтті.

Байқауға орыс және қазақ тілдерінде барлығы 200-ден астам материал ұсынылды. Ұсынылған жұмыстар өзекті мәселелерді бөліп көрсетеді: діни заңнама нормаларын түсіндіру, конфессияаралық келісім мен төзімділік, деструктивті тенденциялардың ықпал ету қаупі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және күресу және т.б.

Марапаттау рәсімі 5 қарашада «Kazzhol Park Almaty» қонақ үйінде, Ембі залында өтті. Бұл шараны Алматы қаласы Дін істері басқармасы мен «Қоғамдық даму орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Байқауға Алматыда жұмыс істейтін жергілікті және республикалық БАҚ-тың журналистері, ғылыми сарапшылар, тәуелсіз публицистер мен блогерлер қатысты. Қазылар алқасы барлық өтінімдерді қарап, жарияланған номинациялар бойынша жеті жеңімпазды анықтады:

  1. Әнуарбек Өмір «Үздік телевизиялық жанр» номинациясы бойынша.
  2. Нұрекешов Еркебұлан «Мерзімді басылымдардағы қазақ тіліндегі үздік публицистикалық мақала» номинациясы бойынша.
  3. Елдесов Дастан «Мерзімді басылымдардағы орыс тіліндегі үздік публицистикалық мақала» номинациясы бойынша.
  4. «Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі үздік мақала» номинациясы бойынша Әділет Мұсахаев.
  5. «Информбюро» ақпараттық агенттігі «Интернет-ресурстағы орыс тіліндегі үздік мақала» номинациясы бойынша.
  6. Сатыбеков Жәнібек «Интернеттегі үздік видео» номинациясы бойынша.
  7. «Ең белсенді блогер» номинациясы бойынша Берікбаев Эльнар.

Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева қатысып, байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс еткен

Байқауды ұйымдастырушылар қатысқандары үшін алғыс білдіріп, БАҚ пен блогерлердің дін саласындағы ағартушылық жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Олардың пікірінше, бұл халықтың діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға және онымен күресуге үлкен үлес болып табылады.

Үздік материалдардың авторлары құрмет грамоталарымен және Axis спорттық велосипедтерімен марапатталды. Сондай-ақ,  он ынталандыру сыйлығы берілді.

Деструктивті діни ағымдарға қарсы әрекет

Біздегі діннің мәз емес екендігі туралы мынадай дерек бар: күн сайын 20-40 қоңырау «114 жедел желісіне» келіп түседі. Деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен немесе діни сипаттағы проблемалардың салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін "114 жедел желісі" жобасы іске қосылды. «114 жедел желісі» – бұл тегін колл-орталық және чат-сайт, ол барлық ниет білдірушілерге дін туралы кез келген мәселелер бойынша кеңес береді, сондай-ақ зардап шеккендер үшін психологиялық және құқықтық көмек ұсынады.

Өкінішке орай, 2019 жылдың желтоқсанынан бастап ағымдағы жылдың тамызына дейін желіде ешкім қызмет көрсеткен жоқ. Тамыздан бастап жобаны «Social Development Center» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асыруда.

Сенім телефонының барлық операторлары білікті дінтанушылар болып табылады және дінге қатысты барлық сұрақтарға кәсіби түрде жауап бере алады. Егер мәселе белгілі бір маманды қажет етсе, оператор мәселенің сипатын анықтап, өтініш берушіні теологпен, психологпен немесе адвокатпен байланыстырады.

Консультацияны тәжірибелі мамандар жүргізеді, оның ішінде танымал психолог, ҚР психологтар мен психотерапевтер қауымдастығының мүшесі – Лола Шакимова, «Жусан» арнайы операциясына қатысушы, теолог – Асланбек Тыныштықов; заңгер, PhD доктор – Серікхан Әділғазы, сондай-ақ Дінтану және исламтану саласындағы сарапшылар, оңалту орталықтарының теологтары бар.

Шынында да, деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адамның физикалық және психикалық денсаулығына қауіп төндіреді. БАҚ пен қоғамның міндеті – бұл қауіпке қарсы тұру.

ҚР Терроризмге қарсы орталығының мәліметінше, 2019 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда деструктивті діни идеологияның 20 мыңнан астам ізбасарлары өмір сүрген.

Қазір «таза» ислам зайырлы мемлекеттің жоғары оқу орындары мен мектептеріне дейін енді. «Араб» исламының ережелерін ұстанатын оқытушылар, Араб хиджабының, салафиттердің көптеген қорғаушылары пайда болды, «шариғат заңдары бойынша солай болуы тиіс» деген сөздер жиірек естіледі.

Діни салада адамзаттың айтарлықтай тәжірибесі жинақталған. Тіпті, Даланың өзінде де аз емес. ҚР-ның осы саладағы мемлекеттік саясатының негізі де баршаға мәлім: шетелдік нанымдар мен миссионерлердің импорты емес, дәстүрлі рухани мәдениетті дамыту, діннен бөлінген білімді, ғылымды, идеология мен мәдениетті дамыту, сондай-ақ радикалды емес «дала» исламын қолдау.

Автор: Дастан ЕЛДЕСОВ

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер