Оңдасын СЕЙІҰЛЫ: Жолдаудың негізгі 11 бағыты бойынша жұмыстар атқарылуда

1323
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ақпараттық агенттігі оқырмандарға қызығырақ болар деген оймен Ақтөбе облысының тыныс-тіршілігі туралы сұхбаттар мен мақалалар сериясын ұйымдастыруды қолға алған еді. Ендеше облыстың ҚР Президентінің Жолдауындағы міндеттерді іске асыру белсенділігі турасындағы портал тілшілерінің  Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлынан алған мәлімдемесін назарларыңызға ұсынамыз.

 

 

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында, Жолдаудың негізгі 11 бағыты бойынша Ақтөбе облысында  нақты жұмыстар атқарылуда.

Президент Жолдауынан туындайтын барлық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында өңірлік іс-шаралар жоспары дайындалып, барлық тиісті жұмыстарды уақтылы және сапалы атқаруға күш салынады. Бұл ретте облыс әкімінің орынбасарлары мен барлық басқарма басшыларына, Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.   Жолдауды халыққа кеңінен түсіндіру мақсатындағы іс-шаралар бойынша материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында (телеарналарда және газеттерде), сонымен бірге әлеуметтік желілерде кеңінен жариялануда.  Сонымен қатар, облыстық телеарналарда «Жолдау», «Послание» және облыстық және аудандық газет беттерінде «Жолдау», «ҚР Президентінің Жолдауы 2020»,  «Послание», «За строкой Послания» атты айдарлармен жарияланып келеді. Облыста қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда белгілі рөл атқаратын  6 саяси партия филиалдары, 100 ден астам үкіметтік емес ұйымдар, 10 салалық кәсіподақ, 17 этномәдени орталықтар бар. Жалпы қоғамдық саяси жағдайларда тұрақтылықты нығайту және маңызды құжаттарды түсіндіру, халық пен жергілікті  билік арасындағы қатынасты қалыптастыру жұмыстарын жүйелі жүргізудің негізгі бағыттары ол идеологиялық жұмыстар. Идеологиялық жұмысты жүргізуде ақпараттық топтың рөлі зор.  Ақтөбе облысында осы бағытта  зиялы қауым өкілдерінен, лекторлар мен ғалымдардан құралған ақпараттық-насихаттық топ тұрғындармен кездесіп, мемлекеттік саясатты және бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Алайда,  елімізде орын алған карантиндік жағдайға орай, ағымдағы жылы ақпараттық-насихаттық топтың жұмысының форматы өзгертілді.      Қоғамдық тұрақтылық қашанда татулықпен тікелей байланысты. Этносаралық қарым-қатынас, шиеленістің алдын алу мақсатында облыста ішкі саясат жанындағы Қоғамдық кеңес,  Қазақстан Халқы Ассамблеясы, Қоғамдық келісім кеңесі және қоғамдық институттар  бірлескен түрде жұмысты үйлестіріп отырады. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын дамыту мақсатында,  тұрғындардың әлеуметтік  мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту үшін жергілікті  мемлекеттік мекемелер арқылы әлеуметтік тапсырыс жұмыстары қалыптастырлып, жұмыстар өз нәтижесін беруде. Бастамашыл азаматтық белсенді азаматтармен көтеріліп жүрген мәселелері бойынша кездесулер өткізіліп тұрады.

 

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер