Шарықтай бер, Шымқала

2914
Adyrna.kz Telegram

Еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкент қаласы бұл күндері  көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Мәселен, Шымкент биылғы жылы ТМД мемлекеттерінің мәдени астанасы атанды. Мұндай мәртебеге ие болу үшін қаланың экономикалық мүмкіндігімен қатар мәдени нысандары, тазалығы, өмір сүруге қолайлылығы секілді критерийлер есепке алынады.

Биыл Мұрат Әйтенов Қала күні мерекесінде: «Күн шуақты шаһарымыз – мейірімді, еңбекқор әрі талантты адамдар тұратын қала. Ол – жаңа ғасырдағы Қазақстан өнері мен мәдениетінің алтын бесігі» – деп атады. Әкім айтқандай, қала жыл сайын түрленіп келеді.  Жаңадан ашылған ғимараттар мен саябақтар, аллеялар ел игілігіне қызмет етуде. Мәселен, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығын алайық. 2014 жылы құрылған мекемеде қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған ғылыми зерттеулер мен әдістемелік жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәдени-ағартушылық бағытта қызмет ететін мұндай орталық Қазақстанда біреу ғана. Ал қаланың қақ ортасында орналасқан А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы жылдан жылға аң-құстармен толғып келеді. Қазір мұнда 84 қырғауыл, 50 тиін, 23 қоян, 10 тауыс, 5 жібек және бентамка тауығы, 4 цесарка, 3 теңбіл бұғы,  4 кербұғы және 1 еркежейлі қой бар. Сондай-ақ, саябақта аумағы 3 гектар жерді алып жатқан жасанды көлде балықтың бірнеше түрі мен аққу-қаздар жерсіндірілген.

Қазір қала республикалық бюджеттен экономиканың дамуына бөлінген қаржыны игеруде төртінші орында келеді. Мәселен, бюджеттен бөлінген 455,4 млрд теңгенің қараша айына дейін 339,6 млрд теңгесін игеру керек болған. Оның 336,6 млрд теңгесі, пайызға шаққанда 99,2 пайызы игерілген. Бұл – осы осы өңірдің әкімі мен оның командасының нәтижелі жұмысының нақты көрінісі.

Шымкент қаласы биылғы жылдың жартыжылдығындағы есепке сәйкес, 14.7 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімін өндіріп, республикада бірінші орынға шықты.  Сонымен қатар бұл қалаірі өнеркәсіптік орталықтың бірі. Мұнда машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, металлургия, фармацевтика, құрылыс материалдары өндірісі секілді 70 астам ірі кәсіпорын, 600-ден астам шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

 

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер