Университетке қатысты мәселені ректор емес, ұжым шешеді

2550
Adyrna.kz Telegram

КАЗГЮУ-де ерекше бір дәстүр қалыптасып келеді. Бұл туралы осы оқу орнының басқарма басшысы  Талғат НӘРІКБАЕВ өзінің әлеуметтік желі парақшасында жазды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«КАЗГЮУ-де оқытушылармен бейресми кездесулерді жиі өткізуге тырысамыз. Әр жиналыс сайын әртүрлі тақырыпта әңгімелесеміз.

Мұндай кездесулер арқылы оқытушылар өздерінің дәрежелері жоғары оқу орнының басшылығымен тең екенін түсінеді. Бұл - КАЗГЮУ-де бірнеше жыл бұрын енгізілген горизонталды басқару жүйесінің жалғасы. Енді университетке қатысты кез келген шешімді ректор немесе декан емес, ұжым шешеді. Яғни ұжымның пікірі ескеріліп қана қоймай, шешім қабылдаудың өзі толығымен жоғары мектеп комитеттеріне (академиялық сапа комитеті, этика комитеті, ғылым комитеті) берілді, ал әкімшілік (провост, декандар) араласпайды.

Бір-бірімізге жоспарымыз, жобаларымыз, идеяларымыз туралы айтамыз. Сенім - жеке өмірде ғана емес, жұмыста да қарым-қатынастың негізі. Біздің болашақ жоспарларымыз сәйкес келуі керек. Әйтпесе, жұмыс берушінің армандары мен жоспарлары басқа, оқытушылардың ойы мүлдем өзгеше болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл бір-біріміздің көзқарасымызды түсінуге көмектеседі.

Заманауи білім саласындағы өзекті проблемаларды талқылаймыз. Қазіргі басты міндетіміз — ғылыми тұрғыда ойлайтын жастарды осы салаға баулу, жас ғалымдарды тәрбиелеу. Бұл мәселені тек университет ішінде ғана емес, Парламент Мәжілісінің деңгейінде талқылауға шығарудамыз.

P.S. Алдағы уақытта КАЗГЮУ-дың әрбір қабатына арнайы тақта қойылады. Оған кез келген қызметкер мен оқытушы университет жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстары мен идеяларын жазады деген сенімдемін. Әрбір жақсы идея бағаланатын болады», -деп жазады Т.Нәрікбаев.

Пікірлер