Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты жаңа ақпарат шықты

3792
Adyrna.kz Telegram

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, күдіктілер ұсталды. "2020 жылдың 10 қарашасында Нұр-Сұлтандағы Көктал шағын ауданында төбелес болды. Нәтижесінде пышақ жарақатынан 17 жастағы Жанболат Ағаділ көз жұмды. Жедел-тергеу тобы ЖШС жұмысшылары мен Талапкер кентінің жастары арасында қақтығыс болғанын анықтады. Нәтижесінде Ақмола облысының Талапкер кентінен Көктал шағын ауданына 20 адам келіп, кәсіпорынның жас қызметкерлері тұратын жерге келген", - деді Санжар Әділов. Оның айтуынша, жанжал төбелеске ұласқан.
⠀"Жанболат Ағаділ Талапкер ауылынан қақтығыстың басқа қатысушыларымен келген. Кейіннен Ағаділ сол жерде пышақ жарақатын алып, көз жұмған.

Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 99-баптың 2-бөлігі бойынша ("Адам өлтiру") да. Оқиғаның, төбелестің барлық қатысушысы ұсталды. Негізгі күдіктілер де ұсталды. Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан үш адам, оның ішінде кісі өлтірген күдікті Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп толықтырды ІІМ өкілі.

Қылмыстық іс бақылауда. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады деді ведомстводағылар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер