Алматыда "100 өлең" республикалық көркемсөз оқу сайысы өтті

3325
Adyrna.kz Telegram

6-қараша күні Алматыда "100 өлең" республикалық көркемсөз оқу сайысы мәресіне жетіп, театр әртісі Едіге ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ топ жарды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысуға бастапқыда 57 адам өтініш білдіріп, онлайн іріктеуден 15 қатысушы Алматыда өткен финалдық кезеңге жолдама алған. Сайыс Жазушылар Одағында  5 сағатқа жуық уақытқа созылып, өте тартысты өтті. 


Бірінші кезеңде әр қатысушы қоржыннан 5 өлең алып, оны толық жатқа айтып жарысты. Екі рет мүдіргендер, келесі кезеңге өтпеді. Екінші турда қазылар Жүрсін ЕРМАН, Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Бауыржан ЖАҚЫП, Серік ҚАЛИЕВ, Бақыт БЕДЕЛХАН, Ақберен ЕЛГЕЗЕК, Мақпал МЫСА қатысушылардан 100 өлеңнің кез келген жерінен сұрап, жаңылыстыруға тырысты.

Ақыры финалға 12 жасында Құранды толық жаттап, қари атанған Қуаныш КЕНЕШБАЙ, актер Едіге ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ және Өскеменнен келген көркемсөз оқу шебері Қуаныш ЕРКІН шықты. Олар бір-бірінен өлеңдер сұрау арқылы сайысып, нәтижесінде Едіге Қайыртайұлының бағы жанды. Едігеге ASSYLTAS қоғамдық қоры тағайындаған темір тұлпардың кілті табысталды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар келесі жылы да аталған жарыс жалғасын табады дейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер