Байқоңырдағы «Бәйтерек»

926

 «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Бәйтерек» кешенінде өткізілетін операциялар тағы бір пысықталды. Бұл апатты аймаққа айналған Байқоңырда ұшыру операциялары одан әрі көбейеді дегенді білдірмей ме? Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» кешені бойынша келісім жобасына түзетулер енгізді. Айта кетейік, аталмыш кешен Байқоңырда 2004 жылы бой көтерген болатын.

Ұсынылған түзетулерге сәйкес, келісімшарттың 3-бабының 9-тармағы алынып тасталуы жоспарлануда. Тармақта бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталы ұлғайған жағдайда, тараптар акциялар санының теңдігін сақтайтындығы мен акционерлердің әр тараптан иеленетін дауыс беруші акцияларының тең санымен көрсетілетіндігі жазылған.

Құжатта былай делінген:

«Келісімді 4-2-баппен толықтыру: «4-2-бап. Бірлескен кәсіпорынның (БК) бюджеттік несие бойынша міндеттемелері жай акциялардың қосымша орналастырылуы және оларды бюджеттік несие берген қазақстандық тарапқа беру арқылы БК-нің жарғылық капиталына айналады. «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорация және/немесе оның ұйымдары «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру үшін қажетті меншіктегі және Байқоңыр кешенінің объектілерінде орналасқан мүлікті қазақстандық тарапқа бере алады. Берілген мүліктің тізімінін және оны беру тәртібін Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы бекітеді. Мүлікті беру мен қабылдауды тараптардың құзыретті органдары құрған бірлескен комиссия жүзеге асырады. Мүлікті беру және қабылдау тараптардың мемлекеттерінің экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ресей жағы бірлескен кәсіпорындағы өз үлесін қазақстандық тараппен теңестіруге құқылы».

Келісімнің 5-бабы бойынша  тараптар (Қазақстан мен Ресей) 2023 жылы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінде ұшу сынақтарын бастайды. Тараптар бірлесіп «Союз-5» зымыран тасығышымен орбитаға ғарыш аппараттарын жылына кемінде екі рет ұшыруды жоспарлап отыр.

Ресей тарапы:

  • «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінен «Союз-5» әуе кемесінің 2025 жылға дейін кем дегенде үш сынақ өткізуді;
  • 2025 дейінгі жылдан 2036 жылға дейінгі аралықта тапсырыстарды «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінен «Союз-5» зымыран тасығышының орбиталарына шығаруға және оның мүмкін болатын модификациясын жылына кемінде екі ұшыруды қамтамасыз етеді.

Ал Қазақстандық тарап өз кезегінде «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінен Союз-5 орбиталарына ғарыш аппараттарын ұшыруға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жобаларын іске асыру шеңберінде 2025-2036 жылдар аралығында оның мүмкін болатын модификациясына тапсырыс орналастыруды қамтамасыз етеді.

5-бап бүйдейді: «Тараптар 2022 жылы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінің орта класты зымыран тасығышымен ұшу сынақтарының басталуын қамтамасыз етеді».

Бұған дейін Қазақстан Сенатының депутаттары «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру туралы заң қабылдап, «Бәйтеректің» орта класты зымыран тасығышымен ұшу сынақтарын бастауды 2022 жылға жоспарлаған болатын.

Хаттамаға сәйкес, қазақстандық тарап «Бәйтерек» кешені құрылуы керек болған «Зенит-М» ғарыштық зымыран кешенінің жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін күтіп-ұстау мен пайдалануды қаржыландыруға міндетті еді. Қазақстан «Зенит-М»-нің модернизациясына шамамен 2020 жылдан бастап $233 млн жұмсауды жоспарлап отыр. Ресейлік тарап «Союз-5» зымыран тасығышының өндірісіне шамамен 916 миллион доллар бөлмекші.

2020 жылдың тамызында Байқоңырдағы «Бәйтерек» кешенінің ұшу сынақтары 2023 жылға жоспарланып отырғаны белгілі болды. Экологиялық таза зымыран тасығыштар ғана ұшырылады деген бұл кешеннің нәтижелі жұмысын алдағы уақытта көретін боламыз.

 

Аяулым ӘБІЛДА,

«Адырна» ұлтты порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы