«Қытайфобиясын» қою керек

3956
Adyrna.kz Telegram

Пандемия кезінде Қазақстанға берілген көмектің 80%-ын Қытай елі жіберген екен. Қалғаны басқа мемлекеттерден келген. Осы жерде заңды сұрақ туындайды. Егерде, Қытай шынында да біздердің жер бетінен жойылып кетуімізді қаласа,індет кезінде осыншалық көмекті беруі қаншалықты логикаға сияды?

"Ұлы Отанымызды" бірге қорғаған солтүстік көршімізден қаншалықты көмек келді? Жалпы көмектің 10/2-не татымайды. Әрине! Қазақстанда өз ықпалын күшейтуге, алпауыт елдердің арасында әрдайым бір-бірін "ығыстыру" науқаны толастамасы хақ. Өйткені, бұған әсер етуші факторлар да жеткілікті.

Мысалы:

1) Қазақстан Азия мен еуропаны байланыстырушы "көпір" бола алады.

2) Болашақта Қазақстан дәл осылай "тізгінді" тең ұстап, көптеген "дәліздерді " өзіміз арқылы өткізе алсақ, ендігі бір 10-15 жылда Панама, Египет, ( жақында Түркияныда бұл тізімге қосуға болады) т.б елдер секілді транзиттен қыруар қаржы құйылар, "пайдасы шаш-етек жобалар" еліне айналары хақ.

3) "Қаржы тыныштықты қалайды" деген қағида бар. Біз бейбітшілікті ту еткен ұстанымымызды өзгертпей ұстап тұра алсақ, жақын келешекте біздерге қарай қаржы ағымы ағылуы тек уақыт еншісіндегі дүние.

4) Капиталистік елдерде "маған ақша жасау құралын берсеңдер, әлемді басқарамын" деген қағида бар. Біздер әлемге қашанғы тек шикізат шығармақпыз? Тек шикізат шығарып, (жемқорлық болсын-болмасын) "шекесі шылқыған" ешқандай ел жоқ (Тек Саудия мен Катардан басқа. Өйткені, олардың өз ерекше себебі бар).

Демек, Қазақстан өзіне қаржы ағымдарын тартып, Батыс пен Шығыстың қаржы ағымдарының да дәлізіне айнала білуі керек (Ол үшін жартылай Сингапур үлгісін қолдануға болады). Оған толық мүмкіндігіміз бар.

Енді...!

Біздер осындай қаржы және материалдық дәлізге айналуымызға кімдер мүдделі, кімдер қарсы?

Алдымен қарсы тарапқа келсек.

Бұл тарапқа:

1) Біздерді әлі күнге өз боданы көретін (оған толық негіз бар) солтүстік көршіміз.

2) Қаптаған банк жүйесі қалыптасқан, өңдеуші елдердің жиынтығы еуропа одағы.

Мүдделі тарапқа келсек:

1) Егерде, белгілі бір келісімге келе алсақ АҚШ мемлекеті.

АҚШ елі үшін Ресей мен Қытай ортасындағы өзіне жанама болсада бағынышты, қаржы ағымын бақылаушы елдің болғаны үлкен пайда.

2) Қытай елі.

Қытай үшін  Батысқа қарай әртарапты үлкен дәліз боларлық "терезенің" ашылуы. (Мұның Қытай үшін пайдасы қаншалық екені, өз алдына бір тақырып.)

Біздің бос ұранмен, қытайфобиясына шектен тыс беріліп кеткендігімізге кейде "қарным ашады".

Азаматтық қоғам Солтүстік пен Шығысымызға тізгінді тең ұстап отырмыз ба? Ресейдің тұрғыны (бірдеңе Будда деген) "ағыл-тегіл" болып, қытай қазақтары үшін емешегінің езіліп отырғанына да күмәнім бар (ойланғанға ой салары бәлкім).

Біздерге қазір орысша айтсақ "ключевая позицияларды" ұстауға әрекет етуіміз қажет. Ондай мүмкіндік жоқ болса, сондай мүмкіндік беретін жобаларды жасауымыз керек. Ол үшін әрине, қаржысы құюға мүмкіндігі мол елдермен болашағымыз үшін, келісімдер мен қатынастар жасауымызға тура келеді(біздер қаласақ та қаламасақ та).

Ондай елді айналамыздан іздесек, тек Қытай ғана көзге көрінеді.

Мен бұл жерде бас-көзсіз құлай кетуді меңзеп отырғаным жоқ. Тек "пайдалы" шешімдермен "шегелеп" алып, қаржы ағымына айналу үшін, "ключевая позицияны" өзіміз жасауға әрекет жасасақ деген ниет.

Біздегі қазба байлық та, мұнай да қазір ешқандай маңызды рөлге ие бола алмайды. Болашақта тек қаржы орталықтары ғана маңызды болмақ.

Біздің елдің осынау үрдістен тыс қалғанын қаламаймын. Біздер жөн-жосықсыз "қытайфобиясын" қойып, Еуропа мен Азияның қаржылары тоғысатын орталыққа айналу бағытында ертерек қамдансақ деген ниет.

Рустем АШЕТАЕВ.

 Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер