Семейлік студент кәсіркерлерді «сазға отырғызып кетті»

2655
Adyrna.kz Telegram

Семейде медициналық университеттің студенті өзін дәрі-дәрмек жеткізушісі ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ірі сомаға алдап кеткен, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz.-ке сілтеме жасап.

Медициналық университеттің 21 жастағы 4-курс студентіне қатысты іс №2 қалалық сотта қаралған.

«Студент табысты кәсіпкердің бейнесін жасаған. Ол кейбір адамдарға қалаға дәрі-дәрмек жеткізумен айналысатындығын, ал басқаларына ұялы телефон жеткізедітіндігін айтып сендірген. Жас жігіт өз бизнесіне 100 пайызға дейін ақша салуды ұсынған. Алғашында адамдар оған сақтықпен жүгініп көрген. Уақыт өте ол табандылығымен өзіне сендіре алған. Алдымен кәсіпкерлер оған шағын сомалар беріп көрген. 7-10 күн өткен соң ол ақшаны процентімен қайтарып беріп отырған. Адамдарға бұл ұнаған. Келесі жолы бұдан көбірек соманы берген», - дейді судья Нұрлан Нұралинов.

Алған ақшасы 1 миллион теңгеден асқанда, жалған кәсіпкер ақшаны қайтаруды да тоқтатқан. Оның алаяқтығынан 13-тен астам жәбірленуші қала тұрғыны зардап шеккен. Жалпы шығын 190 миллионнан астам теңгені құрады. Айыпталушы қылмысын мойындап, бірақ ақшаны ешкімге қайтармаған. Сот 21 жастағы студентті 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды, үкім заңды күшіне енді.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер