Шымкенттің тарихи-мәдени ескерткіштері 2gis картасына енгізілмек

2462
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттің тарихи-мәдени ескерткіштері, археологиялық кешендері көпшілікке одан әрі оңтайлы, қолжетімді бола түспек.

Бүгін Шымкентте «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова, Шымкент қаласы туризм басқармасының басшысы Олжас Шынтаев, «2GIS-Shymkent» ЖШС директоры Нұржан Омаров, Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева БАҚ өкілдеріне атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларынан хабардар етті.
Бүгінде елімізде киелі тарихи орындарды нақтылау «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында іске асырылуда. Жоба шеңберінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, осы объектілердің инфрақұрылымын дамыту бойынша және QR-кодтар орналастыру жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі меморандум Шымкенттің туристік әлеуетін одан әрі дамытуға зор серпін бермек.
– Атқарылған жұмыстар нәтижесінде сакралдық және тарихи объектілерге деген қызығушылық артуда. Бүгінгі меморандумның мақсаты да осы – тарихи-мәдени нысандарды халыққа танымал ету, қолжетімділікті арттыру. Жалпы Шымкент қаласында 10-нан астам нысан картаға енгізіледі. Жылдың соңына қарай біз осы бағытта атқарылған жұмыстарды қорытындылаймыз, – деді Жанар Қалиханқызы.
Брифингте «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова мен «2GIS-Shymkent» ЖШС директоры Нұржан Омаров ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Жалпы, Шымкент қаласында 7 нысан республикалық, 8 нысан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер