«Әртістерді әруақ атты» ма?

6618
Adyrna.kz Telegram

Қоғам «жұлдызға» теңеген әншілер мен танымал тұлғалар соңғы уақытта дінді ашық уағыздайтын болды. Қазақстан Республикасының Ата заңынан хабарсыз ба, әлде заңды аттап өту әрекеті ме, әйтеуір «жұлдыздар» белгілі бір діни түсініктерін көрінген жерге тықпалайтын әдет тапты. Қазақстан зайырлы мемлекет екенімен бас ауыртпаған «жұлдыздар» әлеуметтік желіде өз қатарына қосылуға да жұртты ашық шақыра бастады. Осыған байланысты екі азаматтың пікірін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

 Ерболат Баятұлы:"Қазақстанда, Қырғызстанда арабтандыру процессі радикалды діни идеология арқылы қарқынды жүрілуде. Телеарнада, мешіттерде, одан қалды әлеуметтік желілерде ұлттық болмысты тамырынан қырқып жатыр. Діндегі формализмнің арғы жағында діни экстремизм тұр. Арабтан ақша алғандар ақылы аз, танымы төмен, білімі жоқ танымал жастарды- әншілерді, спортшыларды өздеріне құрал ретінде пайдалануда. Діни экспанция- ұлтты түбегейлі құртатын ең тиімді тәсіл. Тез арада тыйым керек. Мемлекеттік деңгейде. Әйтпесе ертең бәрі кеш болады.

P.S Мына суреттегілер қырғыздың жас қыз- келіншектері. Бәрі сахнада жүрген әншілер екен".

Ерлан ФАЙЗУЛЛАЕВ: "Мына арабтың киімін киіп, араб болғысы келетіндер көбейіп кетті.Елімізде зауыт,фабриканы жауып оның орнына мешіт салып,халықтың санасын улап жатыр. Халық болғанда да оның ішінде жастардың санасын улап тастады.

Иығына жарты қап жүн өсіріп алғандардың сөз бастауының өзі, арабтың анху манху деген адам түсініксіз аттарын атап бастайды. Сол арабты дәріптегенше Қабанбай, Бөгенбай, Махамбет пен Исатайды неге айтпайды.

Бізде жастарды жалпы халықты әншіге табындырып қойды. Енді келіп,мынау әншілерді шығара бастады. Қаншама айтыста бәйгені бермеген Айнур жүр уф суф десең үй аласың деп 1 тай матамен оранып.

Соншама мешіт салғанша неге жастарға мүмкіндік беретін орындар ашпайды.Ғылыммен айналысатын. Елімізден жыл сайын қаншама жастар шетел асып кетіп жатыр. Ғылымға бет бұрған тек дамыған елдер, ол туралы фото салдым. Зауыттарды жоқ қылды. Профсоюздан қорқып.

1 үйде 5 бала болса яғни 1 кап 1 саптан шыққан.Сол 5 баланы 5 жаққа қаратты.

1ші бала билікте

2ші бала вахаббист

3ші бала белсенді

4ші бала полиция

5 ші бала оған бәрібір.

Солай қазақтың ынтымағын құртты. Ауызбіршілікті жойды.

Қазір үздіксіз молда имамдар жастардың санасын улауда. Дінді саяси улау құралы етіп алды. Әсіре діншіл дін бұзар деп дінді бұзды.

Көрші Өзбекстан вахаббизм салафизмге тосқауыл қойды.Ал біз қөп ұлтты, көп дінді МӘҢГҮРТ ел болдық. Ертенгі болашақ өте бұлыңғыр.

ОЙЛАНАЙЫҚ ата баба жүріп өткен жолдан таймайық".

Осы жазбалардың астында пікір қалдырушылар екіге қақ жарылды. Бірі Исламды жақтап, әдеттегідей қарғысын жаудырса, енді бірі дінді уағыздаудың заңға қайшы екенін алға тартты. Сондай пікірлердің ішінен: «Қазақ әншілерін әруақ ұрды» деген жазба мен «Дінді әспеттеушілер, үйіңіздегі дүниенің жартысынан көбі кәпірлердің жасаған дүниесі. Қолдарыңнан келсе, сол дүниелерді лақтырыңдар» деген пікірлер дінді жақтаушылардың өте сауатсыз, қатеге толы пікірлерінің ішінде менмұндалап тұрғандай көрінді. Сенбесеңіз, сілтемемен өтіп, ерінбей оқып, таразылап шығыңызшы. Дінді жақтаушылардың қайсысы сауатты, салиқалы пікір қалдырыпты? Бәлкім, діншілдердің діни білім өресі де өз жазбасының айналасында болғаны ма деген өкінішті ой басыңызға еріксіз келеді екен.

Меруерт ХУСАИНОВА,

 «Адырна» ұлттық порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер