Театр шымылдығын «Ескендір» ашты

1216

Ұйғыр ауданында шымылдығын ашқан «Қарадала» халық театры 2 қараша күні сағат 17:00-де Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Абай поэмасының желісімен «Ескендір» қойылымының премьерасына арналған пресс-конференция өткізді.

Іс-шараға ҚР Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, сондай-ақ Алматы облысы мәслихаты депутаты - Ызғарбек Бектұрсынов, қоюшы-режиссер - Асқар Наймантаев және аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханов қатысты. Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбав Марлен Қапашұлы модератор болды.

«Ескендір» - Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Шығарма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызға құрылған. Автор Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Пьесада жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды.

Шығарманың авторы – Абай Құнанбайұлы. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Асқар Наймантаев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы