Грантта оқитын студенттің білімі ерекше ме?

2940
Adyrna.kz Telegram

Қазір жоғары оқу орнын тәмамдаған жастар үшін мамандық бойынша жұмысқа тұру қиын. Себебі университет оларға 4 жылдан кейін қажетіне асатын дағдыларды үйретпей, теориямен шектеледі.  Жоғары білім саласының негізгі клиенті — жұмыс беруші болғандықтан олардың талабы да ескерілмей келеді. Қазіргі таңда, жұмыс берушілерді де білім бағдарламаларының өзектілігі мен сапасы алаңдатып отыр. Атамекен ҰҚП-ның соңғы мәліметіне сүйенсек, жалпы алғанда жұмыс берушілердің 68 пайызы қазіргі оқу бағдарламасына көңілдері толмайды. Қазақстанда 60-тан астам ЖОО-да оқыған түлектердің жартысы жұмыссыздар қатарында.

Осы орайда, « Жұмыс берушілердің оқу орындары түлектеріне көңілі тола ма»  деген тақырып, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADALBILIM жобалық офисінің алаңындағы тікелей эфирде талқыланды.  Модератор М.Нәрікбаев атындағы KAZGUU университеті Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан болды.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің провосты Сергей Пен ұлттық университеттердің контингентіне байланысты жақсы мысал келтірді.  Ол өзі басқарып отырған оқу орнының профессоры, Экономика Жоғары Мектебінің директоры Сәуле Кемелбаеваның докторлық диссертациясындағы мәлеметпен бөлісті.  Сәуле Кемелбаева арнайы сараптама жүргізген екен.

«Ұлттық университеттер грантқа өте көп студент қабылдайды. Мемлекет әр студенттің оқу ақысын ұлттық университетке төлеп отыр. Демек, ҰБТ-дан жоғары балл алған талапкерлер ақылы бөлімге түскендерге қарағанда әлдеқайда білімді. Ұлттық университеттің статусы бар. Сәуле Кемелбаеваның   сараптама қортындысы бойынша,   ұлттық оқу орнын бітірген студенттің  ақылы бөлімде, жеке меншік университетті тәмамдаған маманнан еш артықшылығы жоқ, кей жағдайда айлықтары төмен болып шыққан. Сонда 4 жыл бойы ол студенттің потенциалы өспеген. Ұлттық университеттер нарыққа сапалы маман дайындап отырған жоқ», - дейді Сергей Пен.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер