Карантин талабы күшейтілген аймақ

2575
Adyrna.kz Telegram

 

Қоғамдық тамақтану нысандары демалыс күндері жабылады.

Тиісті қаулыға өңірдің бас санитарлық дәрігері Ерғали СЫДЫМАНОВ қол қойды.

29 қазан күні сағат 7.00-ден бастап Алматы облысында карантин ұзартылады және қосымша шектеулер енгізілетін болады.

Тамақтану орындарына келушілер саны 50-ден 30 орынға дейін қысқарады.

Егер келушілер саны 30 адамнан көп болса, кафелер, мейрамханалар, асханалар, кофеханалар және т.б. қызметі тоқтатылады.

Тамақтану орындарында бір үстелге 4 адамнан артық отырмауы керек.

Тамақтану объектілері жұмыс күндері ғана жұмыс істей алады.

Демалыс және мереке күндері-тек тапсырыстарды  жеткізу үшін ғана жұмыс істейтін болады.

15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына тыйым салынады.

Орналасқан жеріне қарамастан бассейндерді жабылады.

Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым салу, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу шаралары өз күшінде  қалады.

Спорт объектілерін (фитнес орталықтарын, тренажер залдарын (орталықтарын) толтыру лимиті 50% — дан 30% - ға дейін қысқартылады.

Ұлттық құрамалар мен клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға рұқсат етіледі.

ҚР чемпионаттары мен республикалық жарыстарды көрермендерсіз өткізілетін болады.

Демалыс және мереке күндері сауда орталықтарының, ауданы 2 мың шаршы метрден астам сауда объектілерінің, ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жұмысы тоқтатылады.

Азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарлары үшін демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Карантиндік шаралар кезінде жұмыс істейтін мемлекеттік органдар (ұйымдар, кәсіпорындар), сондай-ақ меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлердің 60% - ын қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыруы тиіс (штат кестесі 30-дан астам қызметкер болғанда).

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер