Оңтүстік Кореяда «Қыз Жібек» мюзиклі онлайн көрсетілді

2535
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Кореяда «Қыз Жібек» мюзиклі онлайн көрсетілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Қыз Жібектің» көрсетілімі Тэгу қаласындағы халықаралық мюзиклдер фестивалі аясында өткен. Коронавирус пандемиясына байланысты шетел театрларының әртістері бұл жолы Кореяға келген жоқ. 9 шетел туындысын фестивальдің интернет-арнасында көрсетті. Ал кореялық 9 мюзикл сахнада қойылды. Алайда залдағы орындардың тек жартысына отыруға рұқсат етіліп, әлеуметтік арақашықтық сақталған. Жастар театры осыдан екі жыл бұрын Тэгу қаласында осы қойылымын көрсеткен болатын. Көрермендерге бұл мюзикл өте ұнап, ұйымдастырушылар оны тағы да көрсетуді шешкен.

«Маған «Қыз Жібек» мюзиклі өте ұнады. Қазақстан мен Оңтүстік Корея халықтарының жан толғанысы ұқсас деп ойлаймын. Кейіпкерлер арасындағы махаббат сезімін жақсы көрсетті. Қасіретпен аяқталған оқиғаны көрермендерге шебер жеткізе алды. Қойылымның желісі кореялықтарға ұнайды»,- дейді Тэгу қаласы халықаралық мюзиклдер фестивалінің атқарушы директоры Пэ Сонг Хёк.

Айта кетейік, «Жастар» театрының қойылымын екі күн бойы Корея тіліндегі субтитрлермен көруге мүмкіндік болған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер