Түркістан облысындағы Кентау қаласынан көне бассейн орны табылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Astana TV» арнасына сілтеме жасап.
Археологтар ежелгі су айдынын Қарнақ ауылындағы "Шамат Ишан" мешітінің аумағын барлау кезінде кезіктірген. Жерге ойылып жасалған жасанды көлшіктің шеті айнала тау тастарымен бекемдеп өріліпті. Бассейнге келетін су атызы да сақталған.
Мамандар тарихи бұл жерлерді зороастризм кезеңіне жатқызып отыр. Оған осы маңнан табылған керамикалар мен теңгелерді дәлел қылды. Пайымдауларынша табылған дүниелер VI-VIII және XIII-XIV ғасырларға тиесілі. Археолагтар мұндай ерекше орын, бұрындары бұл төңіректі қалың шөп басып жатқандықтан көзге түспегенін алға тартты. Зерттеу жұмысына кіріскендер бассейнге келетін он шақырымға созылған жолдардың да сол күйі сақталғанын айтып отыр.
«Адырна» ұлттық порталы