Ақтөбеде Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды

2578
Adyrna.kz Telegram

Сейсенбі, 27 қазан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен Ақтөбе қаласында ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды.
Аталған шараға елімізге танымал ақын-жазушылар, Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын Ақұштап Бақтыгереева, ШҚО Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров және облыс тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Айшықты шарада құттықтау сөз сөйлеген облыс басшысы О.Оразалин ұлы ақынның халқымыздың өмірінен алар айшықты орнын атап өтіп, құрметті қонақтарға алғысын білдірді.
«Биыл елімізде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл мерейтойына байланысты көптеген іс-шаралар жоспарланған болатын. Алайда, əлемде орын алып жатқан эпидемиологиялық ахуал елімізге кері əсерін тигізіп жоспарланған шаралар кейінге шегерілді. Дегенмен, біз ұлы ақынға арналған түрлі шараларды жаңа форматта өткізіп келеміз. Міне, бүгін сүйікті мекен Ақтөбеміздің дәл ортасынан айшықты орыннан ұлы ақынның құрметіне ескерткіш ашылғалы отыр. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, рухы көрініс тауып келеді. Биылғы мерейтой елге ой салатын, тағылымы мол нақты шаралармен жалғасуда. Әлемге танымал бас ақынымыздың еңбегін халық болып ұлықтау мемлекетіміздің мерейін арттырады. Ұлы ойшылдың асыл мұрасын ардақтау және жан-жақты дәріптеу – баршамыздың міндетіміз. Ол үшін бүгінгі буын Абай мұрасынан нәр алып, рухани кемелденуі қажет. Бұл үрдіс Абай жылынан кейін де жалғасын табатын болады» - деді облыс әкімі.
Ескерткіштің ашылу салтанатында Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Ұ.Есдәулет, ақын А.Бақтыгереева құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Е.Жұрынбаев министрдің арнайы құттықтау сөзін жеткізді. ШҚО Абай ауданының әкімі Ж.Байсабыров ұлы ақынға құрмет көрсетіп жатқан ақтөбелік ағайынға өз алғысын білдірді.
Атап өтейік, еңселі ескерткіш қала тұрғындарының көп жүретін жері Абай даңғылы мен Есет батыр көшесінің қиылысына орнатылды. Ескерткіштің авторлары Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, белгілі мүсінші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Тоқтар Ермеков және қаламыздағы Әйтеке би, Жалаңтөс Баһадүр, Бөкенбай батыр, Әлия сынды тарихи ескерткіштерінің авторы Жеңіс Жұбанқосов. Ескерткіш Екатеринбург қаласында жасалынған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 6,20 метр. Тұғыры 2,40, мүсіннің өзі 3,80 метр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер