Қар жауып, боран соғады

3758
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/10/f03fdb96-2544-42d4-999c-d0bc3a744a34.jpeg
Қараша айында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазгидрометке сілтеме жасап. Айдың бірінші жартысында Республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады. Қарашада жауын-шашын (көбінесе қар), қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі болады. Айдың ең суық күндерінде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді. Суық ауа массалары жылыға ауысқанда термометрлердің бағаналары +5+12°С белгісіне жетеді. Еліміздің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) айдың екінші жартысында күтіледі, таулы жерлерде ертерек болуы мүмкін. Бұл жағдайда температура фоны түнде -5-12°С дейін, күндіз -1+5°С дейін төмендейді. Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында – нормадан 1°С жоғары, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында - нормадан 1°С төмен болады деп күтілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии