Дүлдір-күлдір

2648
Adyrna.kz Telegram

"АРТЫҚ АҚША"

Бір жігіт, көшеде жүріп, жұрттан заказ қабылдап, анау пынау жұмыстарын істеп беріп, күніне бес мың теңге табатын Бүр күні сол жігіт бір күнде он екі мың теңге табыс тапты. Соған іштей қуанып жүр.

Үйге қайтарда оған :

"Осы бес алты мың теңгемен байып кетпеспін, бүгін бір қыдырайыншы" деген ой келді. Жолдан кездескен бір қызды кафеге алып кіріп. бірер донер, сосын жүз грамнан алып, екеуі бірер сағат уақыт өткізді.

Жігіт үйіне келгенде сағат түнгі он екіден кетіп еді.

Әйелі ұйқылы ояу:

"Бүйтіп неге кеш жүрсің?" деп сұрайды.

Жігіт:

"Бүгін бір жақсылау жұмыс кездесіп қалып, бір екі мың теңге артық таптым" деп мақтанып, қалтасындағы ақшасын әйеліне берейін деп, қолын сұқса, қалтасында ақшасы жоқ! Ана қалтасын, мына қалтасын ақтарып қарайды, ақша жоқ. Жігіт сасып:,

"Әтеңе нәлет, қалтамнан түсіп қалған ба? ,үйде жейтін бірнәрсе бар ма ед?і" депті

"Жоқ! Тіпті суда жоқ!" деп келіншегі айғайлапты.

Сонда не істерін білмей тұрған жігіт:

"Саспа! Ертең содан екі есе көп ақша әкеп берем!" деген екен.

 

"БАҚЫТ" ТУРАЛЫ ЕКЕУДІҢ ДИАЛОГЫ

Айдалада қаңғып, шаршап, демалған екеу әңгімелесіп отыр:
--Осы "бақыт" дегеннің не екенін білесің бе?
--Білем
--Ол не сонда?
--Бақыт" деген қаласа басыңа қонатын, қаламаса, ұшып кететін құс сияқты.
--Өзің бақытты боп көрдің бе?
--Әрине. Мектепті бітіріп, ғашық болған қызымды алғаш сүйгенде бақытты болғам.
--Сосын?
--Сосын әдемдегі ең сұлу қызға үйленгенде бақытты болдым.
--Сосын ше?
--Сосында бақытты болдым. Ең алғашқы тұңғыш ұлым дүниеге келгенде..
--Содан кейін?..
--Содан кейін де бақытты сезімдер көп болды, ұлым алғаш рет аяғын тәй тәй басқанда... Соны есіме алсам, жүрегім қақ айырылады..
--Содан кейін?...
--Қазір бақытсызбын.
--Қалай?
--Әйелім, алғаш рет мені басқа біреуге сатып кеткенде..
--Қазір ше?
--Өзің қызық жан екесің, сенімен бірге дала кезіп, қаңғыбас болып жүрсем, қалай бақытты болам? Бақыт құсы менімен осыдан талай бұрын қоштасқан.
--Әйелің ше?
--Ол күнде бақытты шығар
--Қалай?
--Енді, өзі аңсаған, армандаған еркектермен күнде жүре алады ғой! депті екіншісі

"МҰНЫҢ БАҒАСЫ ТЕМІРДЕН ГӨРІ ҚЫМБАТЫРАҚ..."

Бір кісі ерігіп отырып, қасындағы араққа жақындау кісіге Күмісті көрсетіп:,
"Мынау не?"- деп сұраса ,Анау:
"Темір"- депті. Сосын ол алтынды көрсетіп:,
"Мынау не?"- деп сұраса, анау тағы:
"Темір ғой" -. депті. Сосын әлгі жігіт анаған спирт құйылған шағын шыны ыдысты көрсетіп:,
"Мынау не екен?"- деп сұраса, Анау шынының аузын иіскеп:
"Ойбай, мынау әлгі темірлеріңнен қымбат Арақ қой!" деп орнынан ұшып тұрыпты.

ЕЛУ ЖЫЛ АЗАП КӨРСЕТТІ, ЕЛУ ЖЫЛ ҚЫЗЫҚ КӨРСЕТТІ"

Аяқ қолы сидиған кемпір ауруханада жатыр. Медбикелер, кемпірге қолынан келген көмегін жасауда, егеді, дәрі береді. Кемпір сұрамасаңда әңгімені айта беретін әңгімешіл кісі.
Қасындағы әйел:
--Жасыңыз қаншаға келді апа?-- деп сұрайды.
--Сен еркек емессің ғой, жасымның қаншаға келгенін айтайын. Соғыстан кейін тудым, Жетпістен астым.
--Огооо! Балаларыңыз бар ма?
--Бар ғой, бірақ олардан қайыр жоқ, жан жаққа шашырап кеткен.
--Шалыңыз қайда?
--Шалым осыдан бірер жыл бұрын өлген. Бірақ, сол шалым керемет жан еді!
--Егее...
--Керемет болғанда өмірімде ондай басқа еркек көрген жоқпын. Ол маған елу жыл азап көрсетті, елу жыл қызық көрсетті. Елу жыл сүйді, елу жыл құшағынан айырмады --депті кемпір сонда.

 

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, ақын, жазушы, юморист

 

 

 

Пікірлер