Шымкент: Мұрат Әйтенов діни конфессия жетекшілерімен кездесті

2459
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы діни конфессия жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен құттықтап, конфессия басшыларымен дін өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстары бойынша пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

- Сіздерді «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі біздің міндетіміз мемлекеттің беріктігін сақтап, халық бірлігін одан әрі нығайту және барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» құндылығының айналасына топтастыру болып табылады. Бұл жұмыста өздеріңіз басқарып отырған конфессиялардың рөлі зор. Сондықтан кездесуіміз халықтар достығына, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, - деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, қала әкімі Рухани келісім күніне орай конфессия басшыларына алғыс хат табыстады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер