Қазақстанда миллионға жуық адам "қызыл паспортпен" жүрген бе?

3288
Adyrna.kz Telegram

Елімізде КСРО тұсындағы қызыл паспорттарды Қазақстан құжатына ауыстыру науқаны жүріп жатыр. Бұл туралы "Адырна" тілшісі Baq.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов брифинг барысында бұрынғы КСРО паспорттарымен тұратын адамдардың мәртебесін реттеу туралы айтып берді.

Оның айтуынша, елімізде ескі КСРО тұсындағы құжатпен жүргендер қатары әлі де көп. Былтыр 1700-дей адам ескі паспортын өткізіп, жаңасын алса, биыл сегіз айда 800-ден астам азамат құжат ауыстырған.

Біздің болжам бойынша әлі де 6 мыңдай адам ескі құжатпен жүр. Оның 30 пайыздайы шетелден көшіп келгендер. Бұл адамдар түрлі жағдайға байланысты ескі құжатпен жүріп қалған. Бірінің түрлі себептері болса, тағы бірі құқықтық сауатсыздығынан елемеген. Оған қоса мұндай құжаттарды қайта тексеру жұмыстарының ұзақ уақытқа созылатыны да әсер еткен, - дейді ол.

Сонымен қатар, ол совет кезіндегі қызыл паспортпен жүргендердің көпшілігі 40 жастан асып кеткендер екенін және тағы бір бөлігі шетелден келген азаматтар екенін айтып өтті.

Мәселен бір азамат Ресейден көрші Өзбекстанға көшуі мүмкін, кейін біздің елге келіп тұрады. Осындай азаматтардың құжатын ауыстыру үшін алдымен Ресейге, кейін Өзбекстанға сұрау жібереміз. Бұл біраз уақытты алады, - дейді Сабыржан Сейітжанов.

Жиын барысында ол қазір осындай ескі паспорттарды жаппай ауыстыру науқаны жүріп жатқанын жеткізді.

Егер совет кезіндегі қызыл паспортпен жүргендер болса Көші-қон қызметіне жүгіну керек. Сол жерде арызын жазып қалдырады. Осыдан кейін мектеп, институтқа осындай адам тіркеуде болғаны туралы ақпарат аламыз. Сол расталып жатса тиісті құжатын береміз. Оған қоса елімізде уақыты өтіп кеткен құжатпен жүргендерге айыппұл салынады, оны бір аптада төлесе 50 пайыз жеңілдігі бар, - деді ол.

                                                                                                                                                                            "Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер