Армяндар келісімді бұзды

1630

Әзірбайжандағы көпқабатты үйге зымыран түсіп, бес тұрғын қаза тапты,- деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зымыран Әзірбайжанның екінші үлкен қаласы Гянджадағы көпқабатты үйге түсіп, бес адам қаза тауып, 28 тұрғын жарақат алған. Ғимарат қирап қалған. Бұл туралы республиканың төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында хабарланды.

Министрліктің мәліметінше, қаза тапқандар мен жараланғандардың денелері үйінділер астынан шығарылды. Оқиға орнында жұмыс жалғасуда.

Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Арменияны оқ жаудырды деп айыптады. Бұл туралы министрлік Facebook парақшасында мәлімдеді. Ереван барлық айыпты жоққа шығарды. «Жоғарыда айтылған пікірлер жалған және шындыққа еш сәйкеспейді», - деп жазды Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян Facebook-те.

10 қазанда жергілікті уақыт бойынша 12: 00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00) Таулы Қарабақта атысты тоқтату күшіне енген болатын.Көп ұзамай Армения мен Әзірбайжан бір-бірін келісімді бұзды деп айыптай бастады.

Естеріңізге сала кетейік, Таулы Қарабахтағы (Арцах) жағдай 27 қыркүйекте күрт шиеленіскен болатын.

Фото ашық дереккөзден алынды

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы