Белгісіз батырдың ескерткішіне 43 миллион теңге бөлінген

4595
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында белгісіз батырдың ескерткішіне 43 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Astana TV» арнасына сілтеме жасап. Облыс тұрғындары батырға ескерткіш қоюға қарсы. Бірі Тәйтәй батыр тарихта жоқ десе, енді бірі ол Қостанай облысы әкімінің арғы аталары деп отыр.

Тас мүсіннің құрылысы екі апта бұрын басталған.Халық жол бойына Тәйтәй батырға арналған ескерткіш салынып жатқанын естігенде таң қалған. Ауыл ақсақалдары мұндай тұлғаны танымаймыз, тіпті естімегенбіз дейді. Олар арнайы аномастикалық комиссиямен бекітілмей, жергілікті халықпен санаспай неге белгісіз батырға ескерткіш қойылатынын түсінбейді.

«Халық аузында жоқ, иә әдебиетте жоқ адамға мұнша ақша бөліп, қаржыны далаға шашуға түбегейлі қарсымын»,-дейді ауыл құрғыны Ұзақбай КЕСІК.

Базыналы халықтың талабы біреу. Олар қомақты қаражатты тас мүсінге жұмсағанша, экологиялық аймақ үшін аса қажет жаңа полигон салуға, ең аяғы жолдарды жөндеуге жұмсасын деп отыр.

Жергілікті шенеуніктерде қазынадан қомақты қаражаттың бөлінгенін растады. Басшылардың айтуы бойынша, ақша ескерткішті салуға емес, оның айналасын абаттандыруға жұмсалады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер