Әкімдер отставкаға арыз беріп жатыр

3468
Adyrna.kz Telegram

Жыл басынан бері Қазақстанда аудандық және облыстық деңгейдегі 9 әкім отставкаға кету туралы өтініш берді, алтауы қызметтен кетті, деп хабарлайды  Sputnik.kz  сайты  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Қазір Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің отставкаға кету туралы өтініші қаралып жатыр. Оның орынбасары сотталған болатын.

Ведомствоның мәліметінше, тоғыз айдың ішінде аудандық және облыстық деңгейдегі 9 әкім отставкаға кету туралы өтініш берген. Алтауы жұмыстан шығарылды. Екі әкімнің отставкасы қабылданған жоқ.

"Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов пен Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі Өмірәлиевтің отставкасы қабылданған жоқ. Облыс әкімдері оларға "сөгіс" жариялады. Сәтбаев әкімі өтініш бермесе де болар еді. Өйткені оның қарамағындағы қызметкер жемқорлық қылмысын жаңа заң қабылданғанға дейін жасады", - деп мәлімдеді агенттіктен.

Жуырда Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов отставкаға кетті. Ол бұл қызметті 2011 жылдан бері атқарған еді. Бұған дейін хабарланғандай, 13 қыркүйекте оған тікелей бағынатын Рудный қаласы Қашар кентінің әкімі Алдонғаровқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, қазір Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаевтың отставкаға кету туралы өтініші қаралып жатыр. Оның орынбасары сотталған болатын.

Фото ашық дереккөзден алынды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер