Анна Данченко: Қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын қысқарту керек

5098
Adyrna.kz Telegram

Белгілі тележүргізуші Анна Данченко Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақ тілінінің мәртебесін арттыру жолын ұсынды.

«Орыс тілінің (ҚР Конституциясының 7-бабы) ресми тіл екені жөніндегі түсініктемені алып тастаса деймін. Мәселен, мен қазақша білмеймін дейік. Жұмыс берушінің басты талабы – қазақ тілін білу міндетті екені айтылса, Заң талабына сәйкес қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын 30 пайызға дейін қысқартса, Сіз келіссеңіз де, келіспесеңіз де сондай заң солай болады».

Данченконың айтуы бойынша, бұл нәтижелі тәсіл болмақ.

«Ешкім жалақысының қысқарғанын қаламайды. Жұмысшы ақша керек болғандықтан қазақ тілін үйренеді. Ол ақша жерде шашылып жатқан жоқ. Адамдарға осылай сабақ беру керек. Егер бұл елде қазақ тілінің дамығанын қаласақ, әрбір азаматтың қазақша сөйлегенін қаласақ, заң тұрғысында осындай талап қою керек. Адамдар қорқытқанда ғана, өзіне қолайлы емес болғанда ғана, мақсатына жетеді», – деп тележүргізуші сөзін қорытындылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Данченко ана тілінде екі сөздің басын құрай алмайтын шенеуніктерді көргенде қатты ұялатынын жеткізген болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер