Уақыт қаһарманы

3046
Adyrna.kz Telegram

«Шерхан Мұртазаның қазақ руханиатындағы орны мен жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайтынына сенемін.»

Н. Ә. Назарбаев

«Шер-ағамен шындық кетіп бара жатыр»-деп жоқтау айтқан Қали Сәрсенбайдың сөзін естігенде тұла бойым тітіркеніп, жан азабын кешкендей болдым.

Қазақ журналистикасының негізін қалап, әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан талантты тұлға Шерхан Мұртаза менің журналистикаға құштар жүрегімдегі идеалыма айналған уақыт қаһарманы. Мен үшін Шер-аға қайсар мінезі мен өткір тілімен шындықты түйреп айтар батылдығы арқылы елінің жүрегінен орын тауып, өшпес із қалдырған-аңыз адам.

«Елім саған айтам, елбасы сен тыңда» аттты Камал Смайылов екеуінің хаттарынан құралған кітаптарында елдегі өзекті мәселелерді сынап, қоғамдағыт келеңсіз жайттарды жеріне дейін жеткізіп, түбіне дейін қазып айтқан.

Мінез кетті,
Мінез кетіп, мін қалды,
Айтылмаған ақиқат пен сын қалды.
Күңіреніп күрең күзгі күн қалды,
Жұлдыз сөніп,ай тұтылған түн қалды.

Әлібек Шегебай

Шерхан күллі қазақ журналистикасының басын аяғына, аяғын басына келтіріп қайта құрған талантты, күрескер тұлға. Қазақ журналистикасы Шерханның шекпенінен шықты десек мүлде артық айтқандық емес.

Әнес Сарай

-деп қайғыларын қағаз бетіне түсірген шәкірттері мен қаламдастарының ішкі зары  Шер-ағаның нағыз қазақ үшін туылған азамат екендігінің белгісі.

Шерхан Мұртазаның елбасы Н.Ә. Назарбаевақа «Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады» осыған аса мән берсеңіз деген болатын. Елбасымен сұхбатында халық назарында жүрген сауалдарын қойып, сұрақтарға жауап алды. Елбасының өзіне қорықпай шындықты айтып, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған-біртуар азамат. «Қазақстан байлығы қорқаулардың тонауына түспесе, сол байлық өз халқын асырауға жетеді ғой, жетіп-артылады ғой. Ал біздің прокуратура, тергеу, милиция, сот, қауіпсіздік органдары ұры-қарылардың, парақор, жемқорлардың шабақтарын ғана ұстайды да, жайындарын, акулаларын ұстауға шамасы жетпейді. Яки қорқады, яки сыбайлас.»-деп парақорларды сынап, органдардың шарасыздығынтілге тиек еткен. «Халық төзімді. Бірақ халық төзе береді екен деп тасыраңдауға болмайды. Халық тымық жатқан мұхит сияқты. Ал бір буырқанса… Құдай оны көрсетпей-ақ қойсын.»-деген сөздерімен қара халық көтерілсе күштері жетпей әуре-сарсаңға түсетінін де жоғардағыларға ескерткен. «Казіргі жегіштердің көбі сондай.Акуланы сойғанда қарнынан тас та, тасбақа да, темір де, терсек те шыға беретін көрінеді. Ал біздің адам-акулаларымыздың қарнын жарып жіберсең – Қазақстанның прокаты да, алтыны да, мырышы да, хромы да, мұнайы да, арақ зауыттары да, қант зауыттары – бәрі-бәрі ақтарылып шыға келер еді.»Шер-аға қазіргі жемқорларға адам-акула деген атауда берген, бар мақсаты  елінің қазынасын жеген сатқындарды әшкерелеп, көздерін құрту болған.Егер де Шер-аға жанымызда болса, қоғамдағы кей мәселер бей-жай қалмай, ақша ұрлап шет елдерге қашатын шенеуніктердің саны аз болар ма еді.

Шерхан Мұртаза жастарды имандылыққа, ізеттілікке шақырып, салиқалы ұрпақ тәрбиелеуде де қосқан үлесі зор. Жас әдебиетшілердің де көзін ашып, қанаттарын нығайтты.

Шер-ағаның дүниеден өткені де бір жылға таяп қалды. Шер-ағасыз көктемді де қарсы алдық. Шерхан Мұртазасыз талай шындықты жүзі ашылмай кете ме деп қорқамын. Қоғам мен әдебиетте алаш арыстанының орны ойсырап қалғаны рас. «Шындық-ащы, һәм ажарсыз.» деп азулы ақиқатты айтудың ауыр екенін бір ауыз сөзге сыйғыза білген.

Шерхан Мұртазадай аузы дуалы азамат қайта келмесі анық. Шындықты айтуды  Шер-ағадан үйренуіміз керек.

 

 

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер