Қазақстандықтар ақшаны қай банкте сақтайды?

1046

Елімізде пандемия және дағдарыс кезеңіне қарамастан банктердегі депозит мөлшері 13 пайызға артқан. Азаматтар банктегі депозиттің еркін түрін, яғни қаражатты кез келген уақытта жеке шоттан алуға болатын және ақшаны қалаған уақытта алуға мүмкіндік бермейтін түрлерін пайдаланады. Сондай-ақ депозит түрін қарастырғанда ұлттық валютаны немесе шетел валютасын таңдайды.

Мысалы, доллармен ашылған депозиттің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 1% болса, 2020 жылдың қыркүйек айында ашылған теңгелік депозиттің мөлшерлемесі  9% болып бекітілген.

Finprom.kz мониторингтік агенттігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздің 27 банкінде жеке тұлғалардың атынан ашылған депозитте жиналған қаражат мөлшері  9,85 триллион теңгені құрады.

Азаматтардың жеке депозиттерінің үштен бір бөлігі дерлік Halyk банкте жиналған. Жалпы сома 3,39 трлн теңге. Өсім 7,2%. Сонымен қатар, Kaspi Bank – 1,7 трлн теңге, салыстырмалы түрде өсім 30%-ға жоғарылаған.

Ал заңды тұлғалардың басым көпшілігі Банк Хоум Кредитті таңдаған. Банкте  өсім 55%-ды құрап, 105,7 млрд теңгені көрсетіп тұр.

Сондай-ақ исламдық Заман Банкінде  депозит көлемі 20 миллионнан 30 миллион теңгеге өскен.

Үшінші орын КЗИ Банкінде. Соңғы мәліметке сәйкес банктегі салымдардың барлығы 9 млрд теңге болған. Өткен жылы бұл сома 5,9 млрд теңгені құраған еді.

Ал депозиттегі салым мөлшері түсіп кеткен 8 банктің ішінде Capital Bank Kazakhstan бірінші орында. Екінші орынға Tengri Bank, ал үшінші орынға Қытай сауда-өндірістік банкі жайғасты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар