Қазақстанда "лауазым" дерті асқынып тұр

4789
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі кезде орынбасар, арнайы өкіл, кеңесші және штаттан тыс кеңесші деген лауазымдар көбейіп кеткен. Басқасын айтпай қоя тұрайық. Бір ғана Үкімет үйінде 78 орынбасар бар. Қаптаған орынбасарлардың не істеп жатқанын бірі білсе, бірі білмейді. Мәселен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің төрт орынбасары бар. Бес басшы бірігіп, ең қарапайым саналатын мінсіз байланыс жүйесін қамтамасыз ете алмай отыр. Ішкі істер министрлігіне 8 орынбасардың қандай қажеттілігі барын түсінбейтін адам көп.  Абырой болғанда президент шенуніктерді қысқарту мәселесін көтерді. Артынша үкімет үйіндегі  жауапты хатшылар жұмысынан кетіп, орынбасарлар орнында қалып қойды. 

«Адырна» тілшісі «орынбасардың көптігі жұмыс өнімділігін арттыра ма» деген сауалнама жүргізіп, шенді-шекпенділер құрамын шолып шықты.

 «Адырна»: Президент министрліктердегі 15 жауапты хатшыны жұмыстан қысқартты. Соның өзінде министрліктерде 73 орынбасар бар екен. Орынбасарлардың көптігі еңбек өнімділігін арттырып отыр ма? Министрлерге көп орынбасар керек пе?

 

Балташ Тұрсынбаев, саясаттанушы:

-Еңбек өнімділігі орынбасардың санына емес, бірінші басшының жұмыс істеуіне байланысты. Мәселен, Ішкі істер министрінің қол астында 8 орынбасар отыр. Министрдің нұсқауы төрт сатыдан өтеді (Отдел, управление, зам министр, министр – Б.Т.). Ақпарат жинағанда сол төрт сатымен жоғары көтеріледі. Осы аралық жемқорлыққа тікелей әсер етеді. Егер мықты министр болатын болса, оған көп орынбасар қажет болмайды. Қазір біздің министрліктердегі орынбасарлар бір-бірінің жұмысын қайталап отыр. Бұл – Кеңес үкіметінен қалған ескі ауру. Ішкі істер министріне соншама орынбасардың керегі жоқ. Үш орынбасары қалатын болса, басқармалар жұмыс істей бастайды. Бөлім бастығының (Начальник управление) жауапкершілігін мұқатпау керек. Қайта оның жауапкершілігін мойнына арту керек.

 

Сыртқы істер министрлігіне көбірек орынбасар керек дегенге келісер едім. Себебі олардың шетелдіктермен келіссөз жүргізуіне белгілі бір статусы болу керек.

 

Министр орынбасарларының көп болуы – ештеңе де шешпейді. Премьер-министрге де көп орынбасардың керегі жоқ. Бірінші орынбасар мен ортақ сұрақтарды шешетін тағы бір орынбасар болса жеткілікті. Орынбасардың көп болуы – бюджет шығынына ғана жұмыс істейді.

«Адырна»: Президент министрліктердегі 15 жауапты хатшыны жұмыстан қысқартты. Соның өзінде министрліктерде 73 орынбасар бар екен. Орынбасарлардың көптігі еңбек өнімділігін арттырып отыр ма?  Министрлерге көп орынбасар керек пе?

 

 

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

-Жапония деген мемлекет бар. Ол әлемдегі үшінші экономика саналады. 120 млн халқы бар сол Жапонияда мемлекеттік қызметкерлер саны – 60 мың. 19 млн халқы бар Қазақстанда (квазимемлекеттік секторды санамағанда – авт.) 120 мың мемлекеттік қызметкер бар. Сондықтан бізде мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқару керек. Мемлекеттік қызметкерлерлердің көптігі – жұмыс өнімділігін арттыруы өз алдына, басқару жүйесінің ұтымдылығын көтермейтіні өз алдына, кей кездері керісінше «тежегіш» болады. Отырып алады да анаған да, мынаған да тиісіп, жұмыс істеймін деген адамдардың жолын кеседі. Шенділердің көптігі кәсіпкерлердің жұмысына да кедергі келтіріп жүр. Осы тұрғыдан алғанда орынбасарлардың санын белгілі бір деңгейге қысқарту керек. Министрліктердегі орынбасар санын үшеуден, кеңесшілерді екеуден асырмау секілді регламент қажет.

Біздегі мемлекеттік басқару жүйесінде төмен және орта деңгейдегі бір қызметкерге шамамен екі-үш бастықтан келеді. Бұл – өте ұтымсыз жағдай.

 

«Адырна»: Жуырда ел президенті шенеуніктердің санын қысқарту туралы мәселе көтеріп, министрліктегі 15 жауапты хатшыны қызметтен босатты. Қазіргі кезде министрліктерде босатылған 15 адамнан бөлек, 73 орынбасар бар. Әрбір облыс әкімдігінде кемі 4-5 орынбасар бар. Карантин уақытынан кейін ел бюджеті шенеуніктерге кететін шығынды көтере ала ма?

 

Мақсат Халық, GSB UIB директоры, экономист:

-Президен биылдың өзінде шенділер санын 10 пайызға қысқартуға тапсырма берді. Келесі жылы тағы да 15 пайызға қысқартады. Сонда, қазіргі уақытпен салыстырғанда 25 пайызға қысқарады.

Бұл жердегі ең негізгі мәселе – «Самұрық-Қазына» квазимемлекеттік секторына қатысты болып отыр. Өйткені ол жақта өте көп еншілес копаниялар ашылған. Сол компанияларда отырған азаматтар – қазіргі шенділердің балалары мен қоңыраумен түсетіндер  (тамыр-таныстықпен сыбайласып келетіндер – М.Х). Олар мемлекеттің ақшасымен (тендер ұтып – М.Х.) нарықты жаулап алып, бәсекелестікті жойып отыр. Яғни, нарыққа бәсекелестік туғызатын іскер азаматтар кірейін деп жатса, оларды мемлекеттің ресурсын пайдаланған кейбір компаниялар тұншықтырып жіберуде. Ең үлкен қауіп осы жерде болып отыр. Сондықтан да квазимемлекеттік сектор тұтастай экономиканың дамуын тежеп отыр. Президент квазимемлекеттік сектордағы шенеуніктерді сол себепті қысқартпақшы. Бұған қоса бәсекелестікті қорғау агенттігін құрып, оны тікелей президентке бағынышты етеді. «Самұрық-Қазынаның» қарамағындағы көптеген еншілес компанияларды жекеменшік секторға өткізу керек. Негізгі мақсат – нарықтағы мемлекеттік меншікті азайту. Батыс елдерін мысалға алатын болсақ, оларда нарықтағы мемлекеттің үлесі 20 пайыз. Ал қалған 80 пайызы жеке секторларда. Бізде мемлекеттің үлесі 56 пайыз деп көрсетілген. Бейресми мәліметте одан да көп екені айтылады. Байқап отырғандай, бізде жеке сектордың нарықтағы үлесі өте төмен. Бизнестің дамымай жатқаны да содан. Экономиканың заңдарына сәйкес, мемлекеттің нарықтағы үлесі 50 пайыздан асып кетпеу керек. Президент осыны түсініп отыр. Қазір «КазАгро» холдингі мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингін біріктіріп жатыр. Осының арқасында көптеген қысқартулар болып, жұмыс оңтайлана бастайды. Дегенмен қысқартулар да кері әсерін бере ме деген қауіп бар. Себебі артында тіреуі жоқ іскерлер шеттеп қалуы мүмкін. Қалай болғанда да осы мәселені мүмкіндігінше бақылауға алу керек деп есептеймін.

 

Енді мемлекеттік аппаратқа қатысты айтатын болсақ, бұл жерде жүйелі олқылықтар бар. Президен есі дұрыс тапсырмалар береді. Мысалы, кешегі жолдауда біраз жақсы бастамалар болды. Сол бастамалар аймақтарға жетем дегенше күрделеніп, басқаша сипатқа ие болып кетеді.

 

Квазимемлекеттік сектордан бөлек, әкімдіктердегі орта және төменгі буынды шенеуніктерде жалақы төмен. Төменгі айлықтағы қызметкерлер қалайда көп ақша тапсам екен деген ойға кетіп, соның кесірінен көптеген жемқорлық әрекеттер болып жатады. Қазір президентіміз шенділердің 25 пайызын қысқартсақ, тиісінше оларға арналған еңбекақыға тиіспей, қысқартылған қызметкерлердің айлықтары есебінен өсіреміз деп отыр. Сондықтан бұл дұрыс қадам деп есептеймін. Өйткені айлықтары өскесін жұмысына да жауапкершілікпен қарайды.

Алдағы уақытта қысқарту жұмыстары әрі қарай да жүріп, Жапония сияқты дәрежеге жетіп қалармыз.

 

Енді 15 жауапты хатшысы босатылған Үкімет үйінің шенділеріне көз салайық.

Үкімет басшысы Асқар Маминде үш орынбасар бар – Әлихан Асханұлы Смайылов, Ералы Ұлықпанұлы Тоғжанов, Роман Васильевич Скляр. Бұлардан бөлек, Премьер-министр Кеңсесінің басшысы деген лауазым бар. Бұл орында Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев отыр.

 

Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлының 5 орынбасары бар.

1.Шархат Нұрышев

2.Ержан Ашықбаев

3.Марғұлан Баймұхан

4.Алмас Айдаров

5.Марат Сыздықов

 

Ішкі істер министрі Ержан Тұрғымбаевтың 8 орынбасары бар.

1.Марат Қожаев

2.Қайрат Сөнтаев

3.Юрий Ильин

4.Арыстанғали Заппаров

5.Сәкен Сәрсенов

6.Алексей Калайчиди

7.Игорь Лепеха

8.Нұрділдә Ораз

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың 4 орынбасары бар.

1.Мұрат Бектанов

2.Тимур Дәндібаев

3.Руслан Шпекбаев

4.Бауыржан Тортаев

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның 5 орынбасары бар.

1.Жанат Қожахметов

2.Марат Әзілханов

3.Кемелбек Ойшыбаев

4.Болат Тілепов

5.Асхат Оралов

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың 4 орынбасары бар.

1.Айдарбек Сапаров

2.Рүстем Құрманов

3.Гүлмира Исаева

4.Нұрбек Дайырбеков

Әділет министрі Марат Бекетевтің үш орынбасары бар.

1.Ақерке Ахметова

2.Алмат Мадалиев

3.Наталья Пан

 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың 4 орынбасары бар.

1.Бибігүл Асылова

2.Рүстем Биғари

3.Мирас Дәуленов

4.Шолпан Каринова

Денсауық сақтау министрі Алексей Цойдың үш орынбасары бар.

1.Марат Шоранов

2.Людмила Бюрабекова

3.Ажар Ғинаят

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың үш орынбасары бар.

1.Ақмәди Сарбасов

2.Ербол Оспанов

3.Ерлан Әукенов

 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бибіт Атамқұловтың бес орынбасары бар.

1.Қайырбек Өскенбаев

2.Берік Қамалиев

3.Аманияз Ержанов

4.Талғат Жанжуменов

5.Руслан Баймишев

6.Динара Щеглова

Қаржы министрі Ерұлан Жаумабаевтың бес орынбасары бар.

1.Берік Шолпанқұлов

2.Қанат Баеділов

3.Руслан Бекетаев

4.Руслан Еңсебаев

5.Татьяна Савельева

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың үш орынбасары бар.

1.Сәкен Мұсайбеков

2.Нұрғиса Дәуешов

3.Өркен Бисақаев

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың бес орынбасары бар.

1.Әсет Ерғалиев

2.Мәди Тәкиев

3.Ермек Алпысов

4.Жасұлан Мәдиев

5.Айгүл Шайымова

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің төрт орынбасары бар.

1.Аблайхан Оспанов

2.Асхат Оразбек

3.Азамат Батырқожа

4.Дарын Тұяқов

 

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың бес орынбасары бар.

1.Мұрат Жөребеков

2.Әсет Мағауов

3.Жұмабай Қарағаев

4.Жанат Жахметова

5.Қайрат Рахымов

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрт орынбасары бар.

1.Жанель Кушукова

2.Қайрат Төребаев

3.Азамат Асқарұлы

4.Әсел Жанасова

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевте үш орынбасар бар.

1.Серікқали Брекешев

2.Сәбит Нұрлыбай

3.Сергей Громов

 Әрбір облыс әкімдігінде де кем дегенде 4 орынбасар, 1 аппарат басшысы бар. Оған қоса штаттағы және штатан тыс кеңесшілері бар.  Өзі білікті басшы (министр мен әкім – авт.) болса, кемі 3  орынбасары болса, ондай басшыға кеңесшілер мен арнайы өкілдер керек пе?  

 Бірді айтып, бірге кетуге тура келіп тұр. Қазір «басшы» ауыруымен ауырған өкімет бұл дертті қоғамға жаппай ендіріп жібергенін несіне жасырайық. Мектеп директорынан бастап түрлі деңгейдегі басшылар да жоғарыдан көргендерін істеп,  кеңесшілер мен орынбасарлар жиып алған. Шетінен бастық. Үкіметтен басталған "лауазым" дертінің емі бар ма?

 

 

Жасұлан Наурызәлі,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер