Бақытсыз Майкл Джексон

2442
Adyrna.kz Telegram

Бүгін балалық шағы болмаған, жеке өмірі болмаған, басы даудан арылмаған, жан дерті мен тән дертінен азап шеккен, миллиондарды аузына қаратып, тұтас музыка индустриясына ықпал еткен, адамзат тарихындағы ең табысты әртіс ретінде Гиннес рекордтар кітабына 25 рет енген поп королі Майкл Джексонның туған күні. Әнші бар болғаны 51 жасында көз жұмды.

🔹 Майклдың әкесі Джозеф, шешесі Кэтрин Джексон. Үйдегі тоғыз баланың жетіншісі. Бұл тоғыздың алтауы ұл, үшеуі қыз. Джозеф Джексон балаларының бәрін музыкаға баулып, жастайынан жұлдыз болуға дайындаған. Бірақ ол әлемдегі ең жаман әкелердің бірі саналады. Таңертең балаларын төмпештеп оятып, белбеумен сабап, сахнада ұялмай өнер көрсету үшін тыр жалаңаш шешіндіретін болған. Майклдың өзі бір сұхбатында «Біз ән айтқан кезде әкем қолына белдік ұстап тұратын, бірдеңені дұрыс айтпасақ белдік жұмсалатын» дейді.

🔹 Бес ұлынан «The Jackson 5» атты топ құрап, гастрольге шыққанда ұлдарынан жеңіл жүрісін де жасырмаған. Джозефтің Кэтриннен туған тоғыз баласынан бөлек, некесіз туған тағы бір қызы бар.

❗️ Тіпті Майклдың жасөспірім кезінде дауысын сақтау үшін бетіңдегі бөртпеге қарсы инъекция саламыз деп алдап, гормональды дәрі-дәрмек еккені, әншінің осылайша химиялық кастрацияға ұшырағаны туралы кезінде талай шу шыққан.

🔹 Ал Майклдың әпкесі Ла Тойя бір сұхбатында әкесінің өзін және әпкесін зорлағанын да айтқан. Бірақ бұны сіңілісі Джанет жоққа шығарған еді.

🔹 Үйдегі осындай ұрып-соғу мен қатаң тәрбиенің салдарынан Майкл мен бауырларының бәрі неврозға ұшырап, есейе келе біразының әкелерімен қарым-қатынасы бұзылады. Майкл өлгенде тіпті әкесіне мұра қалдырмаған. Өсиетінде тек шешесін көрсеткен. Мұны естіген әкесі туған ұлының мұрасын сот арқылы бөлісуге тырысқанымен одан түк шықпайды.

🔹 Қалай дегенмен де Джозеф Джексон өз мақсатына жеткен адам. Бүкіл семьясы әлемге танымал болды. Әр ұлында 18 жасқа толғанда жеке жылжымайтын мүлік пен банкте жеткілікті қаражаты болған. Опра Уинфриға берген сұхбатында ұлдарын ұрып-соққанына еш өкінбейтінін, өйтпегенде оларға ие бола алмайтынын айтқан.

🔹 Ал анасы Майклды Йегова куәгері ретінде тәрбиелейді. Шешесі қанша тартса да, әншінің дінге ықыласы болмаған. 1984 жылға дейін әнші Йегова куәгері ретінде түрлі кездесулерге барып, Пасха мен Рождествоны, тіпті өзінің туған күнін тойлаудан бас тартады. Бірақ бұл қозғалыстың өкілдері әншінің өмір салтына қарсы болып, соңында әнші бұл ұйымнан шығып тынады.

🔹 Өзінің балалық шағы болмағаннан кейін әнші өзінің үйінде тұтас бір зообақ ұйымдастырып, балаларды үнемі сонда қонаққа шақырып отырған. Көз жұмғаннан кейін зообағы қараусыз қалып, ондағы жануарлар жан-жақты кезіп кетеді. Зообағында питон, екі лама, шимпанзе болған.

‼️ Осы зообаққа келіп жүрген бірнеше бала әншіні өздеріне жыныстық қысым көрсетті деп айыптайды. Тіпті бірде полиция мен прокурор фотографпен бірге әншінің үйіне жыныс мүшесін суретке түсіру үшін ордер алып келген. Қысым көрдік деген балалардың сипаттамасын растау үшін. Бірақ әншінің жыныс мүшесі айып таққан бала сипаттағандай болмай шыққан. Әнші сүндеттелмеген. Осы оқиға психологиялық соққының шарықтау шегі болып, әнші әбден титықтап, жүйкесі сыр береді. Қорғаушылар мен балалардың ата-анасына қыруар қаржы төлеп, шығынға батады. Балаларға неше рет қысым көрсетті деп айыпталса да, соттың бәрі әншіні ақтап шыққан. Бірақ полиция әншінің үйіне тексеру жүргізгенде баланың манекендері табылып, оның кейбірі бір түрлі позаларда және ашық киімдерде болған.

🔹 Майкл Джексонның терісін ауыстырғанына қатысты да дау көп. Сирек кездесетін тері ауруына (витилиго) шалдығып, бетіне бірнеше мәрте ота жасатады. Ал қолы мен кеудесіндегі дақтар сол күйі қалған.

♦️ Жеке өмірі: әнші алғаш рет 36 жасында Лиза Мартя Преслиге үйленеді. Екі жылға жетпей ажырасқан оларда ортақ бала болмаған.
Екінші рет медбике Дебби Роуға үйленіп, одан бір ұл мен бір қыз туады. Ерлі-зайыптылар үш жылдан кейін ажырасып, балалар әншінің өзінде қалады.
Ал үшінші баласы 2002 жылы суррогат анадан туған. Әнші қайтқаннан кейін балаларын Кэтрин Джексон қамқорлығына алады.
.
P.S.: Матрицасы керемет үйлесімді адам. Тоғыз санының тек біреуі – жетілік қана жоқ. Ең жоғарғы мыңдық белгілерінің және үш сегіздіктің «888» иесі. Шоудың адамы. Мақсатшыл. Жұлдызы – Арыстан. Матрицасы мұндай үйлесімді болған адамның тағдыры трагедиялы болғаны ойға қалдырады екен...


Ақбота ƏБІЛТАЙ,

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер