Зерделіде тағы 6 үй қисайды

3194
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Алатау ауданы Зерделі шағын ауданындағы (бұрынғы Алғабас-6) көпқабатты тұрғын үйлердің қисайғанына қатысты мәлімет шықты, - деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Әкімдік шағын аудандағы №1/179 тұрғын үй қисайған соң, ондағы барлық тоғыз қабатты үйді тексеруге шешім қабылдаған. Ол үшін Алматы қаласының қолайлы қалалық орта басқармасы "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ-мен келісім шартқа отырған. Жұмыс осы жылдың соңында аяқталуы керек.

"Бүгінде 6 үйге қатысты (1/180, 1/160, 1/161, 1/165, 1/167, 1/168) сараптама қорытындысы шықты. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ қорытындысына сәйкес, осы үйлердің іргетасын нығайту керек. Тұрғын үйлердің іргетасын нығайту жұмысы тұрғындарды көшірмей жүзеге асырылады. №1/160, 1/161 үйлерде іргетасын нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Құқық қорғау органдары үйдің неге қиғайсағанын әрі бұл іске жауаптыларды анықтап жатыр.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Алматыдағы № 179 тұрғын үй 31 сантиметрге қисайған. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ бұл ақпаратты растаған.

Қисайған үйдің тұрғындары әкімдіктің қолдауымен уақытша өзге жерге қоныс аударып, үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар өз үйлеріне жуырда ғана  келді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер