Цифрландыру бағдарламасының алғашқы нәтижелері қандай?

3025
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда цифрландыру бағдарламасын жүзеге асырғалы бері біршама ауқымды істер атқарылуда. Соның бір саласы – көлік және логистикаға арналған «Зияткерлік көлік жобасы».

Бұл жоба еліміздегі автомобиль жолдарындағы көлік қатынасы мәліметтерін жинайды. "Зияткерлік көлік жобасының" артықшылығы –  ауа райын бақылау жүйесі орнатылады. Онда күн райы мәліметі мен жауын-шашын жол бойындағы таблолар арқылы көрініп тұрады. Ол өз кезегінде көлік қауіпсіздіне әсер етеді. Жолдың сапасы мен сервистік қызмет көрсетуі бойынша 4 бағытта ақылы жолдар іске қосылды.  Нұр-Сұлтан – Теміртау ақылы тас жолында 8 ICD терминалы, Нұр-Сұлтан – Шучьеде 6 GEA терминалы, Алматы – Қорғас жолында 8 Штрих-М терминалы,  Алматы – Қапшағай бойында 12  Штрих-М терминалы бар. Ақылы жолдардың ұзақтығы – 682 шақырым.

Аталған жолдардың бойымен өткен әрбір көлік терминалдар арқылы жол ақысын төлейді.  Жолаушыларға Касса 24, QIWI, Wooppay, Halykbank, KaspiBank, Сбербанк, Еуразиялық банк, CapitalBank, АТФ Банк қосымшалары арқылы , PayWay.kz сайты, телефон нөміріндегі теңгеріммен және KazDriver қосымшасы арқылы да төлем төлеу жүйесі қарастырылғанын айта кетейік.
Төлем мәліметтері біріңғай базаға жиналады. Мысалы, Нұр-Сұлтан - Бурабай бағытындағы  ақылы жол 2020 жылға дейін 5 млрд теңге табыс әкелген.  Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғаса береді. Қазақстанда 168,7 мың шақырым жол болса, 2024 жылдың соңына дейін  күре жолдардың 11 мың шақырымын ақылы ету жоспарлануда. Ол үшін жол жөндейтін инвесторлармен арнайы келісімдерге келіп, жол сапасын жақсартады. Айта кетейік, елімізде республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 24,8 мың шақырым.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов хабарлағандай, биыл Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Қапшағай – Талдықорған, Орал – РФ шекарасы, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қызылорда – Шымкент – Тараз, Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы сынды жолдарда төлем алу жүйесін енгізіледі.

 

Алматы қаласының төлем картасы мен Нұр-Сұлтан қаласының төлем картасы.

Сондай-ақ, қала ішіндегі автобустар терминал жүйесімен төлем жасауға көшуде. Мысалы, Алматы қаласының тұрғындары қоғамдық көліктер мен метрода жол ақысын "Оңай" картасы арқылы төлейді. Жол ақысын картамен төлеу еліміздің өзге да қалаларында іске асуда. Айырмашылығы – төлем карталарының атауы мен жол жүру ақысының әртүрлілігінде ғана. Шымкент қаласында іске қосылатын "Төлем" жүйесі қыркүйек айынан бастап толықтай іске қосылады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер