Киберқалқан қауіпсіздігімізді қорғай ма?

1174

Киберқалқан электронды ақпараттық ресурстардың қауіпсіздігін қорғайды. Бұл жоба Елбасының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауына сәйкес әзірленген болатын.

«Қаyiпciздiк axyалы қyaтты жәнe әpeкeт eтe aлaтын мeмлекeттiң өлшeмiне aйнaлып кeлeдi. Қaзipгi зaмaндa aдaмзaт терроризмнiң бeлeң aлуымен бeтпe-бeт кeлiп oтыp. Бұл peттe деcтpyктивтi күштеpдi қapжылaндыpaтындapғa, шeтeлдiк теppopистік ұйымдapмeн бaйлaныc жacaйтындapғa қapcы күpec жүpгiзy ici нeгiзгi мәceлe бoлып сaнaлaды», – деді ол.

Тұжырымдаманың мақсаты қандай?

Негізгі мақсаты - жаһандық бәсекелестік жағдайында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін сыртқы және ішкі қатерлерден электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қорғалу деңгейіне қол жеткізу және қолдау.

Киберқауіпсіздік тұжырымдасын дайындау барысында Малайзия, Сингапур, Великобритания, Германия, Чехия, Франция, Литва, Эстония, Финляндия, Швеция, Швейцария және т.б. секілді елдердің халықаралық тәжірибесі зерделенді.

Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең - 2017-2018 жылдар, екінші кезең - 2019-2022 жылдар.

Қазіргі таңда біз екінші кезеңдеміз.

Бұл тұжырымдама бізге қажет пе?

Әлбетте, иә. Киберқылмыс әрекеттері күннен-күнге өршіп барады.  Ол эпидемия сияқты кең таралып, шағын және орта бизнес компаниялары хакерлердің негізгі нысанасына айналып отыр. Зиянкестер оларды өздерінің желілерін кеңейту мақсатында пайдалануда, сондықтан осы тектес шабуылдардан нарықтың бір де бір секторы сақтанбаған.

Еліміз киберқылмыстармен қалай күресіп жатыр?

Өткен бірнеше жыл ішінде Қазақстанда елдің киберқауіпсіздік саласын дамытудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді. 2019 жылы сырттан келетін кибершабуылға тосқауыл бола алатын қауіпсіздік сертификаты жасалды.

«ҰҚК менің тапсырмам бойынша Киберқалқан бағдарламасы аясында қауіпсіздік сертификатын тестілеуден өткізді. ҚР ақпарат кеңістігі қорғалып тұрғаны және сырттан шабуыл жасалған жағдайда сертификатты қолдана алатынымыз дәлелденді. Интернет қолданушыларына ыңғайсыздық жойылды. ҰҚК-ге алғыс айтамын»,-деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Өткен жылы 2,5 млрд-тан астам кибершабуыл жойылды.

Кибершабуыл түрлері

Ең көп жасалатын шабуыл түрі- ботнеттер. Жылына 17,7 мың оқиға тіркеледі. Ботнет немесе зомби-желі — зиянкестерге олардың иелерін білмей бөтен машиналарды қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін зиян бағдарламамен жұқтырған компьютерлер желісі. Ботнет көмегімен зиянкестер спам тарата алады, вирустарды тарата алады, компьютерлер мен серверлерге шабуыл жасай алады, сондай-ақ басқа да қылмыстар жасай алады.

Сектордағы инциденттер арасында екінші орынды фишинг алып отыр: 883 оқиға. Бұл компьютерлік алаяқтықтың негізгі мақсаты — алдау жолымен жәбірленушіге оған қажетті ақпаратты беруге мәжбүр ету. Бұл заң бойынша қудаланатын компьютерлік қылмыс. Бүгін фишинг — әлемдегі ең таралған киберқылмыс түрлерінің бірі, оның көмегімен аккаунттар мен банктік ақпаратты жиі ұрлайды.

Сайтты бұзу – бұл зиянкестің сайттың файлдарына немесе сайтты басқару жүйесін әкімшілендіру бөліміне рұқсатсыз қол жеткізуі.

Cybersecurity Ventures болжамдары бойынша, 2019 жылы бүкіл әлемде хакерлердің шабуылы әрбір 14 секунд сайын болған, ал 2021 жылға қарай олардың жиілігі әр 11 секундқа дейін өседі. Сондай-ақ, 2021 жылға қарай киберқылмыстан болатын жаһандық залал 6 трлн долларға жетеді деп болжанып отыр.

Зиянды бағдарламалардан сақ болыңыз!

Зиянды бағдарламалардың ең кең тараған түрлері трояндар, зиянкестер мен вирустар болып табылады. Олар компьютерге көбіне Интернет арқылы немесе электрондық пошта бойынша енеді. Егер Сіз URL- адресте қателік жіберсеңіз немесе кездейсоқ белгісіз сілтемені бассаңыз, «агрессиялық» мазмұндағы немесе зиянды бағдарламалары бар қауіпті сайттарға түсуіңізмүмкін. Бағдарлама көбіне басқа файлдармен қоса беріліп таратылады, сондықтан Сізге белгісіз ресурстардан жіберілген электрондық поштадағы хабарламаларды ашпаңыз. Сіздерге таныс емес пайдаланушылардан келген файлдарды ешқашан қабылдамаңыз.

Ақпарат ғасыры  саналатын ХХІ ғасырда адам қолымен жасалатын қылмыстың жаңаша сипаты осындай. Бүгінде өте ақылды ұрылар көбейді. Абай болайық!

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы