Киберқылмыскерлер коронавирус кезінде миллиондап ақша тапты

2718
Adyrna.kz Telegram

13 наурызда, Eset антивирустық компаниясы киберқылмыскерлердің коронавирус кезіндебелсене іске кіріскендігі туралы хабарлады.

Сарапшылардың пікіріншекиберқылмыскерлер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атынан жаңалықтар таратуда. Пайдаланушыларға вирус туралы құпия және өте маңызды ақпаратты алу үшін қауіпті сілтемелер жібереді. Осылайша, олар өз құрбандарының шоттарына қол жеткізіп, жеке және төлем ақпаратын ұрлайды. Eset  хабарлама келген электрондық пошта мекенжайын тексеріп отыруды ұсынады: мысалы, @who.com, @who.org немесе @who-safety.org мекен-жайларының ДСҰ-ғақатысы жоқ.

Алаяқтар Қытайдағы балалар үшін коронавирус вакцинасын табу мақсатында жалған қайырымдылық акцияларын да өткізген.

Сонымен қатар, медициналық маскалар мен антисептикалық құралдарды сатуға арналған жалған жарнамалар кең етек жайды. Олардың көмегімен киберқылмыскерлер несие карталарының мәліметтерін алып, шоттағы ақшаны ұрлайды. Сонымен, Sky News хабарлауынша, 2020 жылдың ақпан айында Ұлыбританиядағы қылмыскерлер мұндай науқаннан кем дегенде 800 000 фунт стерлинг (1 миллион доллар) тапқан.

Есіңізде болсын!

Қоғамдағы дүрбелеңге бой алдырмай, коронавирус туралы жазылған кез-келген ресурстар мен хабарламаларға ерекше назар аударыңыз
Пандемиямен күресу мақсатында жүргізілген жалған қайырымдылық акцияларына мұқият болыңыз
Жеке немесе төлем ақпаратын сұрайтын хаттарға жауап бермеңіз.

Киберқылмыскерлерден қорғанудың тағы бір жолы: электрондық поштаны қорғауға және фишингке қарсы антивирус қолдану.

Қазақстанның киберқалқанытұжырымдамасы да осы мәселе аясында жобаларды қабылдап, нақты іске көшті. Киберқылмыскерлерді құрықтау - күн тәртібіндегі басты мәселе. Ендеше өз мәліметтеріңізді қылмыскерлерден қорғау үшін қорғаныс шараларын жүргізіп отырыңыз

Аяулым ӘБІЛДА,

Адырнаұлттық порталы


 

Пікірлер