Халықтан ұрлаған ақшаны жасырудың жолы табылған сияқты

2501
Adyrna.kz Telegram

Кедей елдерге көмектесу агенттігін құрмақшы біздің билік. Ол жай ғана агенттік емес. оны құру үшін бюджеттен миллиондап қаржы бөлінеді. Ал ең бастысы, мұндай агенттіктің Қазақстанға не қажеті бар? Өзгеге агенттікпен көмектесердей еліміз шылқыған бай, халқы тоқшылықтан секіріп жүр ме еді? Бұл сұрақтың жауабын төменде Қуаныш ЕДІЛХАННЫҢ жазбасынан аласыздар.

 

«Агенттікті құруға үкімет 138 млн теңге бөліп, жедел құруға кірісіп кетті деп жазып жатыр осында. Соншама неге жедел кірісті? Оның да себептері айтылды жобамен. Әрине, ресми мағлұмат емес, бірақ шындыққа келеді: қазір шетелге ақша шығарудың ең дұрыс жолы осы - кедей елдерге көмек көрсету.

Неге? Себебі оффшорға шығарылған ақшалар түбінде тексеріледі. Қазақстандағы барлық счеттарды, оның ішінде банктердегі ақша аударым құжаттарын жойып жібергеннің өзінде де шетел банктеріндегі құжаттарды жоя алмайды, сондықтан дұрыстап тексерсе бәрібір ол ақшалар қалқып шығады. Қазіргі кезде Ұлттық қордағы ақшалар 6 елде бұғаттаулы тұр дейді, яғни ол да қауіпті жол. Жылжымайтын мүлік сатып алу да қауіпті - ертең бәрібір бұғатталады.

Ендігі жол - гуманитарлық көмек деген сылтаумен шетелге ақша шығару. Екі КАМАЗ жүк берсең, бес КАМАЗ бердім деп, қалғанын ақшалай шығарасың. Әйтпесе өзі жалаңбұт отырып, біреулерге көмек берем дегені масқара ғой. Мен солай ойлаймын. Бұлар тегіннен-тегін ештеңе де жасай қоймас».

«Адырна» ұлттық порталы.

Фото:  ашық дереккөзден алынды.       

Пікірлер