Оқуға түспей қалсаңыз..

3642
Adyrna.kz Telegram

Биылғы оқу жылында ҰБТ-ға 111113 жас түлек қатысып, 82 154 түлек шекті балды жинаған болатын. Қалған шекті балды жинай алмаған немесе ұялы телефон, шпоргалка сынды тиым салынған заттарды алып кіргені үшін тестілеуден шығарылған оқушылар қайта тест тапсыра алды ма?

Тамыз айының 17-20 күндері талапкерлер қайта ҰБТ тапсырған болатын. Әйтсе де бұл талапкерлер үшін соңғы мүмкіндік емес. Шекті балл жинай алмаған талапкерлер өзі түскісі келген оқу орнына барып, қайта анықтама алса болады. Еліміздегі бірқатар жоғарғы оқу орындары шартты түрде талапкерлерді оқуға қабылдайды.

Шартты түрде оқуға түсу деген не?

Егер талапкер қайта кешенді тестілеуден шекті балды жинай алмаған жағдайда шартты түрде жоғарғы оқу орындарына тапсыра алады. Жоғарғы оқу орнымен келісімшарт бір академиялық оқу мерзіміне жасалады (қыркүйек-желтоқсан).

Шартты түрде оқуға түскен студент қаңтар айында қосымша кешенді тестілеу тапсырады.

Шартты түрде қабылданған студент жоғарғы оқу орынының қабылдау комиссиясына қосымша кешенді тестілеуге қатысу үшін арнайы бланктегі өтініш толтырып және кешенді тестілеу өткізетіні үшін төленген түбіртегін тапсыру қажет.

Мемлекеттік грантты ұтпай қалсаңыз..

Еліміздегі жоғарғы оқу орындары талапкерлерге арнап біршама мүмкіндіктер беріп отыр. Әр жоғарғы оқу орнында грантқа немесе оқу ақысына қатысты жеңілдіктерге қойылатын талаптар мен берілетін мүмкіндіктер әр түрлі. Сонымен қатар “Алтын белгі” иегері болсаңыз, немесе көпбалалы, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шықсаңыз сізге оқу ақысын төлеуге қатысты жеңілдіктер қарастырылған.

Ішкі немесе ректор грантына да түсуге мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін білім алғыңыз келетін оқу ордасына немесе сізге осындай мүмкіндік беретін оқу орнын іздеп табуыңызға болады.

Ақылы оқуға түскен жағдайда ЖОО-да үздік оқып, балдарыңыз жоғары болған жағдайда грантқа ауысуға қайта өтініш жаза аласыз.

 

 

Фото Алаш айнасы сайтынан алынды

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер