Қырғызстандағы бір отбасы 19 жасар қазақстандық келіндерін жертөледе ұстаған

5383

19 жастағы қыздың әкесі Қырғызстанның Тоқмақ қаласына келді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы kaktus.media-ға сілтеме жасап. Қыз ата-анасына күйеуі мен оның туыстарының тарапынан жиі зорлық-зомбылық көретінін жеткізген.

«Ер адам барлық кінәлілерді қылмыстық жауапқа тартуға бекінген. Қазіргі таңда ол бұрын үйленіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан ажырасқан күйеу баласының үстінен арыз жазды», - деп мәлімдеді басылым.

Қыздың айтуынша, ол 28 жастағы жергілікті тұрғынға 2019 жылдың қараша айында тұрмысқа шыққан. 11 тамыз күні полицияға хабарласып, күйеуі мен оның туыстарының жасаған қысымдары мен соққыларына шағымданған. Жәбірленушінің туыстары соңғы үш күнде қызды еркінен тыс жертөледе қамап ұстаған. Жас келін қайын енесімен болған әр жанжалдан кейін ас-сусыз үйдің  жертөлесінде қамалып отырғанын жеткізген.

Тоқмақ тергеу органдары бұл фактіні тіркеп, тергеуді бастап кетті. Өтініш берушінің енесі мен қайын сіңлісінен жауап алынды, алайда олар зорлық әрекеттерін көрсетпегендерін жеткізді. Ал жәбірленушінің күйеуі  қызғаныштан ұрып-соққанын мойындады.

Қазір істің барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде. Олардың нәтижелеріне құқықтық баға берілетін болады. Сараптама нәтижелері бойынша, қыз денсаулығына жеңіл зақым келтірілген.

 

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы