Әнді сүйсең менше сүй: музыка жайлы қызықты фактілер

4337
Adyrna.kz Telegram

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Жақсы ән өміріңізге қаншалықты әсер ететінін білесіз бе? Шын мәнінде, музыка әлемдегі физикалық жүйеге енген нәрсе. Мұндағы әрбір нота физика мен математика заңдарындағы ұсақ молекулалар мен атомдар іспеттес. “Адырна” ұлттық порталы сіздермен музыка туралы және оның әлемге әсері туралы қызықтармен бөліспек. Өмірінде ешқашан музыка тыңдамаған бірде-бір адам жоқ деп сеніммен айта аламыз. Сонымен, назарларыңызға музыка туралы сіз білмейтін таңғажайып фактілерді ұсынамыз.

Музыка солған өсімдіктерді тірілте алады. Егер динамиктерді сола бастаған гүлдің жанына қойып, баяу музыка қоссаңыз, гүл көз алдыңызда жайнай бастайды.

 

 

 

 

 

 

Музыка есту қабілеті нашарлауының алдын алады. Тәжірибе көрсеткендей, музыканттар бұрын-соңды музыкамен әуестенбеген адамдарға қарағанда жақсы естиді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыка жүректі де емдейді. Пациенттер үшін инфаркт және операциядан кейін денсаулығын қалпына келтіруге көмектеседі. Ғылымда жағымды музыка қан тамырлары жүйесін жақсартуға ықпал ететіндігін дәлелденген.

Жаттығу кезінде музыка тыңдау өнімділікті 20% арттырады. Мұның әсерін допингпен салыстыруға да болады.

Жиі музыка тыңдайтындар мейірімді болып келеді екен. Психологиялық эксперименттің нәтижесі бойынша, сүйікті әндерін үнемі тыңдайтын адамдар көмек көрсетіп, жақсы істер жасауға 5 есе бейім болады.

Музыка есте сақтау, ақыл-ой қабілетін жақсартады. Сіз музыканы неғұрлым көп тыңдасаңыз, нәтиже соғұрлым жақсы болады.

Музыка ауырсынуды басып, мазасыздануды азайтады.

Зерттеушілердің пікірінше, жағымды музыканы тыңдау тағамның дәмін 60% арттырады екен. Көптеген мейрамханаларда неге үнемі әуен ойнап тұратыны белгілі болды. Бұл да бір маркетингтік әдіс екенін байқадыңыз ба?

Психологтар бүй дейді: музыка сіздің көңіл-күйіңізді жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге мақсаттарыңызға жетуге және өзіңізге деген сенімділікті арттырады.

Сүйікті музыкаңызды тыңдау жауапсыз махаббатты өткеріп, жаңа қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

Танымал әнші Мадоннаның ДНК-сын белгісіз біреулер қолға түсірмес үшін арнайы қызметкерлер жұмыс жасайды. Олар әнші шыққан ғимаратты мұқият тексеріп, Мадоннаның шашы я болмаса денесінің бір қылы қалып кетпеуін қадағалайды. ДНК-сын қолға түсіргенмен не істей қояр дейсіз ғой. Бірақ, адамнан айла артылған ба? Технология дамыған заманда адамзаттан бәрін де күтуге болады.

Гитара ойлап табу үшін аспапта ойнай білудің қажеті жоқ. Гитараның Telecaster and the Stratocaster модельдерін ойлап тапқан Лео Фендердің өзі бұл аспапта ойнай алмаған.

Ани Лорак «Утренняя Звезда-95» конкурсы кезінде өз есімін өзгерткенін білесіз бе? Каролина Куек тіркеуден өту кезінде Каролина есімді тағы бір әншінің тіркелгенін біліп, бірден өзінің лақап атын өзгертеді.

Сүйікті әуеніңіздің ремикс нұсқасы ұнамай ма? Мәселе әуеннің дұрыс өңделмегенінде емес. Зерттеулер көрсеткендей, әннің түпнұсқасын ұнатуымыз оның сапасынан емес, түпнұсқасын алдымен тыңдағанымыз себепті екен. Егер ремиксті бірінші тыңдасаңыз, онда ремиксті құп көретініңіз анық.

 

Аяулым ӘБІЛДА,

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер