Қай мемлекетте бала туу тиімді: Әр елдегі балаларға арналған жәрдемақы мөлшері

4805
Adyrna.kz Telegram

Ел-елдің бәрінде демографияны жақсарту және балалы отбасыларды қолдау мақсатында арнайы әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Мұндай көмекті әр мемлекет өз әлеуетіне қарай әртүрлі деңгейде жүзеге асырады. «Адырна» ұлттық порталы бірқатар мемлекеттердің балалы отбасыларға арналған әлеуметтік көмек сомаларына шолу жасап көрді.

Германия

Германияда әрбір балалы отбасы ай сайын  жәрдемақы алады. Негізгі шарт –  бала осы отбасында тұрып, оның қажетін өтеуі керек. Қазіргі кезде бұл ел бірінші және екінші бала үшін әрқайсына 204 еуро төлейді. Мемлекет ата-анаға бала кәмелет жасына толғанша қолдау көрсетеді. Егер бала орта білімді аяқтап, ЖОО-нында білімін жалғастырса, оның 25 жасына дейін жәрдемақы төлеу созылуы мүмкін. Балалар саны өскен сайынкелесі балаға төленетін жәрдемақы мөлшері де артады. Мемлекет ай сайын үшінші балаға – 210 еуро, ал төртіншісінен бастап –  235 еуро төлейді. Сонымен қатар, балалы отбасылар үшін тұрғын үй салу немесе сатып алуға алынған несие сомасын азайтуға және салық төлеу кезінде жеңілдік алуға мүмкіндік бар.

Франция

Францияда балаларға арналған жәрдемақынеміс қағидаты бойынша есептеледі. Текжәрдемақы екінші баладан бастап беріледі.Мемлекет екі балалы отбасыға – 120 еуро, бес балалы  отбасыға –  582 еуро көлемінде жәрдем көрсетеді. Бірақ бұл елде келесі баладан бастап жәрдемақы азайып отырады.

Швеция

Еуропаның ең гүлденген елдерінің бірі – Швецияда балаға ай сайынғы төлем 120 еуродан(кроннан еуроға шаққанда) басталады. Екі баласы бар  ата-ананың шотына 251 еуро түседі. Швеция Франция секілді  келесі  балалар үшін соманы азайтпай, қайта өсіреді.

Ұлыбритания

Ұлыбританияда балаларға арналған жәрдемақыны бөлу кері бағытта жүреді деуге болады. Мұнда бір бала болса, отбасы бюджеті ай сайын – 90 фунтқа (105 евро) көбейіп отырады. Әрбір келесі бала үшін  ата-ана айына – 59 фунт (70 евро) алуға құқылы. Егер отбасында алты немесе одан да көп бала болса, әр келесі балаға жәрдемақы мөлшері 35-50 еуроға артып отырады.

Австрия

Мұнда балаға берілетін жәрдемақының мөлшері баланың жасына сәйкес ұлғаяды.  Бала өскен сайын соғұрлым жәрдемақы да  көбейеді. Австриялық ата-аналарға 3 жасқа дейінгі әр балаға –  114 евро, 3-тен 10 жасқа дейінгі балаларға – 122 евро және 10-нан 18 жасқа дейінгі балаларға –  142 евро бөлінеді.

Италия и Испания

Италияда балаларға арналған жәрдемақы ата-ананың жылдық табысына тікелей тәуелді, айына шамамен 39 еуроны құрайды. Испания ата-ананың табысы орташа деңгейден аспаса да, әрбала үшін 25 евро төлейді. Мүгедек балалар үшін төлемдер бұдан жоғары.

Грек Республикасы

Еуропалық стандарттар бойынша Грек Республикасы азаматтары өте кедей тұрады деп саналады. Мемлекет тарапынан халыққа көмек өте аз жүргізіледі. Бұл елдің әлеуметтік саласы тұтастай алғанда құлдырауда. Грекиядағы алғашқы балаға берілетін жәрдемақы –  5 еуро. Бұл біздің елімізде де өте аз көрсеткіш. Мемлекет екі балаға – 20 еуро көлемінде «көмек көрсетуге» дайын.

Лихтенштейн және Люксембург

Балаға төленетін жәрдемақы бойынша ең жомарт мемлекет деп Еуропаның  ең кішкентай елдерін санауға болады. Лихтенштейнде мемлекетәр балаға айына 250 еуро, Люксембургте – 265 евро төлейді. Сонымен қатар, баланың жасына байланысты оның жәрдемақысы да артып отырады.

Өзбекстан

Ал көршіміз 14 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға: егер жалғыз баласы болса – 131 мың сум мөлшерінде, екі бала болса –  217 мың сум, үш немесе одан көп бала болса – 304 мың сум төленеді. Бала 2 жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін берілетін жәрдемақы 434 мың теңгені құрайды.

Қазақстан

Біздің елімізде жәрдемақы мөлшері бала санына қарай есептеледі. Бала 1 жасқа толғанша оның күтіміне байланысты ай сайын бірінші балаға – 15 270 теңге, екіншісіне – 18 054 теңге, үшіншісіне – 20 811 теңге, төртінші балаға – 23 594 теңге мөлшерінде жөргекпұл төленеді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленіп келеді: 4 баласы бар отбасыға 44 448 теңге, 5 балаға – 53 мың 125 теңге, 6 балаға – 63 мың 750 теңге, 7 және одан да көп балаға77 784 теңге төленіп келген. Алайда, 7 балаға да, 16 балаға да төленіп келген 77 784 теңге қисынсыз екендігін ескере келіп, мемлекет басшысы осы жылдың 13 мамырында 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгілеген заңға қол қойды. Жаңа заңға сәйкес 8 балалы отбасы үшін – 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 балаға – 111 120 теңге, 11 балаға – 122 232 теңге, 12 балаға – 133 344 теңге, 13 балаға – 144 456 теңге, 14 балаға – 155 568 теңге, 15 балаға – 166 680 теңге, 16 балаға – 177 792 теңге мөлшерінде жәрдемақы  белгіленді1 шілдеден бастап көпбалалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақыны ала бастаған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, көп балалы отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмекті жыл басынан бері 400 мыңнан астам отбасы алған.

Айжан ПЕРДЕБЕКҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер