Әйелдердің жоғарғы білім алуы бала туу деңгейін төмендетеді

1084

Жер бетіндегі адам саны  10 миллиардтан асуы неғайбыл. The Lancet медициналық журналында америкалық ғалымдар 2064 жылы тұрғындар саны ең көбі –  9,73 миллиардқа дейін өседі деп болжауда. Бұдан кейін адам санының өсуі тоқтап, кері процесс жүреді –  2100 жылы көрсеткіш 8,79 миллиардқа дейін түседі.

Ғалымдардың болжамынша, ең үлкен мемлекеттер санатында: Үндістан, Қытай, Нигерия, АҚШ және Пәкістан болады. Қариялар көбейіп, жастар азайып, жас құрылымы айтарлықтай өзгереді. Ғасыр аяғында 65 жастан асқан адамдар саны 2,37 миллиардты, 20 жастан кіші адамдар – 1,7 миллиардты құрауы мүмкін. Ал орташа өмір сүру ұзақтығы бүкіл әлем бойынша – 74 жасқа жетуі ықтимал.

Жоғары білім алу (ең алдымен әйел затының білім алуға ынтасының артуына байланысты) менконтрацепцияның (жүктілікті болдырмаудың әртүрлі жолы) кеңінен таралуына байланысты  туудың орташа деңгейі бір әйелге шамамен 1,7 балаға дейін төмендейді.

Сонымен қатар, 23 елде, оның ішінде Жапония, Тайланд және Испанияда – 2100 жылы 2017 жылға қарағанда адам саны екі есе кемиді. Олар «жұмыс істейтін әйелдерге және отбасының қажетті мөлшеріне жетуге бағытталған либералды көші-қон саясаты және әлеуметтік қызметтерге инвестициялар» арқылы тұрғындардың қажетті санын және олардың өмір сүру деңгейін сақтайды.

Бұл тек болжам болғанымен, қазіргі кездегі тек қана Еуропаны, сондай-ақ аз-кем Солтүстік Америка мен Азияның жекелеген аралдарын қамтыған урбанизация деңгейі уақыт өте бүкіл жер шарына таралатыны анық. Бұдан бөлек демографияның өзгеруі, индустрияландыру, ауыл шаруашылығын роботтандыру мен сол және солшыл либерал басқару шешімдерінің салтанат құруы да адам санының өсуінің тоқтауына әсер етуі мүмкін. Яғни, ғалымдардың пікірінше, адам санының азаюына «чипизация» мен «вакцинация»емес олардың өмір сүру салты мен құндылықтарының өзгеруі әсер етеді.

Айжан ПЕРДЕБЕКҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы