- Ақниет Русыланқызы, ең алдымен уақыт бөліп сұхбат беруге келіскеніңіз үшін айрықша алғыс айтамыз. Әңгімеміздің басында өзіңзді таныстыра кетсеңіз. Қайда туып өстіңіз, қайда білім алдыңыз?
- Қадыр Мырза Әлінің мақал болып тараған “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” деген өлеңі бар. Ағылшын тілін үйренуге не түрткі болды? Және бүгінгі деңгейге жету үшін қанша уақыт жұмсадыңыз.
- “Ағылшын тілін үйрену керек еді” дегенді жастардың бәрі айтады. Бірақ, бәрі жалғастырмайды. Бұл табансыздық па жоқ әлде үйрену әдістемесіндегі қателіктің себебі ме?
Бірақ, әдістен де қате болуы мүмкін. Ал, ол қатені тауып, тіл үйренудің өзіне тиімді жолын табу- бұл үйренушінің жауапкершілігі. Қазір, ағылшын тілін үйренудің әдістері өте көп. Барлығына жүгіре беруге болмайды. Үйренуші өзіме ұнайды деген 1-2 әдіспен жүріп отыруы тиіс. Тіл үйрену жеңіл түрде, сүйікті іс түрінде болуы керек. Мысалы, маған кітаппен үйренген ұнамайды. Маған, кино және әнмен үйренген ұнайды. Тиісінше, өзіме ұнайтын нәрсемен айналысқандықтан ақпаратты жеңіл қабылдаймын.
- Кейбір қоғамдық ортада жастар ағылшын тілі магистратураға түсу үшін ғана керек секілді сезінеді. Ағылшын тілін білу арқылы сіз бен біздің замандастарымыз нақты не ұтады?
- Ағылшын тілін үйренуде немесе АҚШ-қа барғанда қандай бір қиындықтар, естен кетпес қызықты оқиғалар болды ма?
- Аса қиындық болмады. Кішкене тілдік барьер болды. Америкаға барарлы үйде өзіме сенімді болып шыққаныммен, тілдік ортаға бірден сіңісіп кете алмадым. Ұялу, қорқу болды. Сондықтан, тіл үйрену үшін ең бірінші тілдік барьерді жеңу керек. Оны білмесең, қанша жерден 10000 сөз біл, грамматикадан мықты болып тұрсаң да, сөйлей алмайсың. Өзімнің басымнан өткендіктен 2 айлық курсты практикалық ағылшын тіліне негіздедім.
Шыны керек, маған ортаға сіңісіп, сөйлеп кетуге ортаның өзі көмектесті. Американдықтар өте ашық, көшеде бір- бірін танымайтын адамдар сөйлесіп, дос болып кете береді. Жүздері жарқын, үнемі күліп жүреді. Адамдары ашық болғасын, мен де ашыла бастадым. Көшедегі адамдармен адамдасып, кездескен жандармен танысып бастадым. Олар сені дұрыс сөйлемедің деп ешқашан да сынамайды. Өйткені, Америка әр жақтан жиналған адамдар. Яғни, ағылшын тілі көбісінің ана тілі емес. Сондықтан, акцентпен сөйлеу, қате жіберу - қалыпты нәрсе.
Кейін өзім практика жасайтын адам іздеп бастадым. Күнде кофе алуға баратын Старбакстың кассирін дос қылып алдым. Жұмыстағылармен барынша ашық болуға тырыстым, барлығымен жақын дос болып кеттім. Кездесулерге бардым, кинодағыдай вечиринкаға бардым
Қалып барады... үйсіздермен (бомж) сөйлескен маған жақсы практика болды. Жұмыстан қайтатын жолда үнемі толып үйсіздер отыратын. Басында қорқатынмын, өйткені үйге шейін артымнан жүретін. Сөйтсем, “сен қорықпа бізден, мынау қауіпті көше болғандықтан шығарып салып жатырмыз” дейді. Сосын босқа қайтпай осылармен практика жасайыншы дедім. Бомж дегенге артық нәрсе ойламаңыздар, онда бомж болу- өмір салты және қалыпты нәрсе. Мен әңгімелескен бомждарда өз хикаялары бар, қызықты жандар болатын.
- Ақниет, жалпы ағылшын тілін үйренуде орта маңызды ма? Ортасыз үйренуге бола ма?
- АҚШ-та білім алдыңыз, өмір сүрдіңіз. Екі ел жастарының білімге, өмірге деген көзқарасында ұқсастықтар бар ма?
- Әлеуметтік желіде өте белсендісіз, видеолар, қысқа посттар салып, тіпті, супермаркетте жүріп те оқушыларға сабақ түсіндіріп жүреді екенсіз. Бұл үлкен жауапкершіліктің көрнісі деп есептеймін. Курс туралы айта өтсеңіз.
- Иә, оқушылардың барынша жан- жақты болғанын қалаймын. Ағылшын тілінің беретін мүмкіндіктерін пайдаланса екен деймін. Курсқа келетін болсақ, 2000-нан аса студенттеріміз бар. 80% нәтиже көрсетеді. Ол, сол арнайы жүйенің, дұрыс жоспар және қойылған талаптың нәтижесі. Біз арнайы кітаптар арқылы оқытпаймыз. Курсты өзім жинаған тәжәрбиеге сүйене отырып, ең қажетті ақпараттарға негіздедім. Сонымен қатар, кері байланыстың болуын, үйренушілердің практика жасауын басты орынға қоямыз. Яғни, әр үйренуші куратормен жеке жұмыс жасайды.
- АҚШ университеттеріне қалай оқуға түсуге болады? Оқу ақысы, грант саны қанша, емтихан түрі қандай формада өтеді?
- АҚШ- қа оқуға түсу оңай нәрсе емес. Бірақ, мүмкін. Тек ақшасы барлар, тым ақылдылар түсе алады деп ойлаудың қажеті жоқ. Ақпарат ізденіп, мақсат қойып жұмыс жасаса, барлығының қолынан келеді. Түсудің қандай жолдары бар? Шетелде оқығыңыз келсе 1-2 жыл бұрын ертерек қимылдағаныңыз жөн.Біріншіден АҚШ университеттеріне қатысты ақпарат ізденіп, қызықтырған оқу орындарының жеке сайтына кіру, жеке сайттарында стипендияға қатысты мәлімет болады. Сонда этап- этап бойынша барлық ақпарат көрсетіледі. АҚШ оқу орындары тегін білім ұсынбайды. Бірақ, стипендия барынша көп бөлінеді. Және ол стипендия өзінің лайықты екенін көрсеткендерге беріледі. Ал, өз- өзіңді көрсетудің жолы- ерекше әрі нақты жазылған мотивациялық хат. Мотивациялық хатты шетелдік кез келген оқу орны сұрайды. Толығырақ, ізденіп көріңіздер. Бұдан бөлек “Fulbright” бағдарламасы бар. Тегін білім, әуе билеті, тұратын үй, 2000$ көлемінде стипендия ұсынылады. Жалпы шетелге түсудің негізгі шарттары: ағылшын тілін білу (IELTS, TOEFL), мотивациялық хат, рекомендациялық хат және жақсы үлгерім. Ең бастысы, әр нәрсеге икемді болып, ақпарат іздеп , уақытылы қимылдау.
- Ағылшын тілін үйренсем деп жүрген замандастарыңызға не айтасыз?
- Тек сәттілік тілеймін! Ең бастысы - табанды болсаңыз, нақты қажеттігіңізді анықтап мақсат қойсаңыз, өз- өзіңізге талап қоя білсеңіз, қалғаны өздігінен жүреді.
- Әңгімеңізге көп рахмет, сізге толағай табыс тілейміз. Еңбегіңіз жемісті болсын.
- Сізге де рақмет. Барлығыңызға сәттілік тілеймін.
Нұрбол Мұратбекұлы,
“Адырна” ұлттық порталы