Көршіден ешқашан сұрауға болмайтын 3 зат

8672
Adyrna.kz Telegram

Қазақта «Көрші ақысытәңір ақысы» деген жақсы сөз бар. “Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық”, “Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын”. Бұл тіркестерден қазақ өмірінде көршінің орны қаншалықты салмақты екенін аңғаруға болады. Жаһандану деп жанымыздағы көршімен араласуды ұмытып кетпедік пе? Ендеше, көршіге қатысты біліп жүруіңіз абзал болатын дүниелерді еске түсірейік. Көрегенді көрші болсаңыз мына ҮШ ЗАТТЫ сұрамаңыз. Олар:

1.ТҰЗ

Мейлінше дүкеннен сатып алуға тырысу керек. Егер алып келуге мүмкіндік болмаса көршіден алған тұзға аз болса да ақы төлеңіз. Өйткені тұзда береке бар. Сіз оның тұзымен қоса, берекесін де алып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан да өзіңіз біреуден тұз алмаңыз, біреуге тұз бермеңіз.

2.АҚЫ

Егер көршіңіз сізді көмекке шақырса, оны жасап бергеніңіз үшін ақы сұрамаңыз. Кейде есігі бұзылып немесе баласы қараусыз қалып жатады. Осындайда ең алдымен көршіден көмек алады. Сол кезде уақытыңды алдым деп көрші ақша ұсынады. Өзгеге де беретін едім ғой, алшы деп қиылатындар да кездеседі. Сол кезде сыпайы түрде бас тарту керек. Өйткені күндердің күніндесіз де көршіден көмек сұрайсыз.  Сонда жарқын жүзбен көршіңіздің есігін қаға аласыз.

3.ИТ

Кейде көршінің иті балалап жатса, тұқымы жақсыдеп иттің күшігін асырап алғысы келетіндер болады. Бұл кезде де көршімен арадағы қарым-қатынасқа сызат түсірмеу жағын ұмытпау керек. Салтты білетін көрші болса, күшікті сатып алу ырымын жасайды. Ал білмейтіндерге түсіндіруге тырысыңыз. Қарапайым нәрсе ғой деп елемеуіңіз мүмкін. Бір-біріне күшік бермеу көршілердің иттей ырылдасып қалмауының амалы.

Атадан келе жатқан кез келген тыйымның астарында терең мән жатады. Кейбірі ақылға қонымсыз болса да, әрбір ырым өмірге мәнбітіруге ұмтылады. Қазақ ұрпағын тыйым арқылы тәрбиелегенін тарихтан білеміз. Қисса, дастандардың да маңызы осында.

 

Аяулым ӘБІЛДА,

Адырнаұлттық порталы

Пікірлер