Пакьяоның Головкинмен кездесу ойы бар

657

Сегіз салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо (69-7-2, 39 КО) орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) кездесуі мүмкін екенін айтты.

vesti.kz-тің хабарлауынша, Филиппинік боксшы Головкинмен кездесу ұйымдастыру мүмкін екенін айтты. Бірақ бір талабы бар екен. Ол қазақстандық боксшымен тек жартылай орта салмақта, яғни 147 фунтта жекпе-жек өткізуге дайын.

Айта кетейік, Головкин орта салмақта, 160 фунтта өнер көрсетеді. Филипииндік боксшы орта салмақта кездесу мүмкін емес екенін айтты.

"Егер ол 147 фунтта шыққысы келсе, мен дайынмын. Бірақ оның салмағы ауыр болса, мен келіспеймін", - деп келтіреді Пакьяоның сөзін The Manila Times.

"154 фунт? Хммм. Мұны ойлану керек. Алайда Головкинмен келіссөз болған жоқ", - деді ол.

Еске салайық, Головкин өзінің келесі кездесуін қазан айында өткізеді. Ол польшалық Камиль Шереметаға қарсы белбеуін қорғау керек. Ал Пакьяоның келесі кездесуіне байланысты жаңалық жоқ.

Пікірлер