Билл ГЕЙТС: Әлемді коронавирустан да қауіпті апат күтіп тұр

7639

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс салдары коронавирустық пандемиядан да қауіпті экологиялық апат болады деп болжады.

Ол алдағы онжылдықта әлемді жаһандық экологиялық дағдарыс шайқайтынын атап өтті.Кәсіпкер апаттың алдын алу үшін көміртегі шығарындыларын түбегейлі азайтуды ұсынды.

- Әйтпесе, қоршаған ортаның нашарлауы, адамдардың қайтыс болуы және экономикалық проблемалар пандемия кезіндегіге қарағанда әлдеқайда көп болады.Егер климаттың ластануын қазірден бастаптоқтатпасақ, ертеңгі күні үйден шығуға қорқатын жағдайға жетеміз. 

Өткен аптадағы мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде COVID-19-дан 600 000-нан астам адам қайтыс болды. Жыл сайын бұл 100 000 адамға шаққанда 14 өлім көрсеткіші. Осы қарқынмен жалғаса берсе, ғасырдың аяғында бұл көрсеткіш 100 000 адамға шаққанда 73 өлімді құрауы мүмкін.
Басқаша айтқанда, 2060 жылға қарай климаттың өзгеруі COVID-19 сияқты қауіпті болады, ал 2100 жылға қарай ол бес есе қауіпті болуы мүмкін.

Гейтс коронавирустың келетінін осыдан 5 жыл бұрын айтқан

2015 жылы Билл Гейтс TED Talk жобасында  Эбола туралы лекция оқыған болатын. Ол баяндамасында Эболаға қарағанда әлдеқайда қауіпті,  көп адамның өмірін жалмайтын жаңа індет келеді деген тұжырымын да айта кетті:

 

- Егер жақын бір онжылдықта он миллионнан астам адамның өмірін құртуға қабілетті бір нәрсе пайда болса, ол соғыс емес, аса қауіпті вирус болады. Зымыран емес, микробтар өмірімізді жалмайды.

Сол кездің өзінде қоғам қайраткері адамзаттың 2020 жылы тап болатын негізгі проблемаларын сипаттап берді.

- Біріншіден, кедей елдерде мықты денсаулық сақтау жүйесін құру қажет, өйткені олар індеттен басқаларға қарағанда көп зардап шегеді. Сондай-ақ, күш-жігері әскери күштермен біріктірілген, қауіп-қатерге тез жауап бере алатын медициналық қызметтердің резервін жасақтауды қолға алу керек. Осал жерлерді анықтау үшін бактериологиялық жаттығулар жүргізу қажет. Сонымен қатар, вакцинация және диагностика саласында жетілдірілген зерттеулерді жасағанымыз абзал.

Сөз соңында әлемге танымал миллиардер халықты босқа дүрлікпей, әрекет етуге шақырды.

 

Диана АСАНОВА,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы